ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жолдардың қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік береті...

Жолдардың қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ұлттық KazRAP бағдарламасын іске қосылды

Әлеумет 11.06.2025, 17:17 573
Жолдардың қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік беретін ұлттық KazRAP бағдарламасын іске қосылды
Сурет: Gov.kz
Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Кавказ және Орталық Азия құрылыс форумының ашылуында Қазақстан жолдарын бағалау бағдарламасы — KazRAP-тың іске қосылғанын жариялады.

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Кавказ және Орталық Азия құрылыс форумының ашылуында Қазақстан жолдарын бағалау бағдарламасы — KazRAP-тың іске қосылғанын жариялады.

Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен автожолдардың жағдайын жақсартуға бағытталған жүйелі тәсілді көздейді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

KazRAP - жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыру бойынша ұлттық жүйенің негізгі элементіне айналады. Бағдарлама жолдардың жай-күйін халықаралық әдістемеге сүйене тәуелсіз бағалауды, жол-көлік оқиғаларын алдын-алуға, инвестициялардың тиімділігіне мониторинг жүргізуді және жол қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Бағдарлама Халықаралық жолдарды бағалау бағдарламасымен (iRAP) бірлесе жүзеге асырылады.

Келісімге КАЗНИИБДД директоры Арыстан Масанов пен iRAP-тың атқарушы бас директоры Грег Смит қол қойды.

Сонымен қатар, Форумның ашылуында Вице-министр ведомствоның қазіргі және жоспарланып отырған бастамаларына да тоқталып, халықаралық көлік дәліздерін дамытуға, жол инфрақұрылымын жаңғыртуға, цифрлық технологияларды енгізуге және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса мән берілетінін атап өтті.

Форумға мемлекеттік органдардың, жеке сектордың, инженерлік қауымдастық пен заң саласының өкілдерінен тұратын 20 елден 120 қатысушы жиналды.

Екі күн ішінде 9 тақырыптық панельдік сессия өтті. Олар ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, халықаралық қаржы институттарының қатысуы, жол қауіпсіздігі инженериясы, FIDIC стандарттары бойынша келісімшарттарды дайындау, дауларды шешу кеңестерінің қызметі, халықаралық арбитраж және құрылыс саласындағы кәсіби әлеуетті дамыту мәселелерін қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.