ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / «Жолдар мен Хаттар»: Алматыда әдеби бенефис өтті

«Жолдар мен Хаттар»: Алматыда әдеби бенефис өтті

Алматы 09.06.2025, 15:11 700
«Жолдар мен Хаттар»: Алматыда әдеби бенефис өтті
Сурет: Самат Құсайынов
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен  «Кітап – асыл қазына» әдеби жобасы аясында қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті өкілі, ақын, аудармашы,...

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен  «Кітап – асыл қазына» әдеби жобасы аясында қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті өкілі, ақын, аудармашы, публицист, мәдениет қайраткері Ержан Алаштуғанның шығармашылығына арналған «Жолдар мен Хаттар...» атты әдеби бенефис өтті.

Іс-шара кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиеттің адам санасына әсерін насихаттау, өскелең ұрпақтың кітапқа, поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, қазақстандық қаламгерлердің шығармашылығын таныту, әдебиетті қоғамдық санаға орнықтыру, ұлт руханиятын байытуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шара еркін форматта өтті. Әдеби бенефис аясында ақынның шығармашылығына арналған поэтикалық композициялары ұсынылды. Сонымен қатар әдеби бенефиске қоғам және мәдениет қайраткерлері, композиторлар, әдебиеттанушылар мен жас қаламгерлер қатысып, шығармашылық туралы пікір алмасты.

-  «Жолдар мен хаттар» деген менің қазіргі шығармашылығымның концепциясы десе болады. Себебі менің кейінгі 10 жылдағы өмірім – жолдарда, ал жақындарыммен хабарласуым – хаттарда өтті. Бүгінгі кеш жалқы адам туралы, жалқы адамның жалпыға қатысы туралы және жалпының жалқыға әсері туралы. Кейінгі 4-5 жылдың көлемінде халықаралық үлкен жобаны аяқтадық. ТМД мемлекеттерінің заманауи әдебиеті туралы 5 томдықты әзірледік. Кезінде ұстазым Нығмет Ғабдуллинге «біз әлем әдебиетін орыс тілінде оқыған ең соңғы буын болайықшы» деп берген уәдем бар еді. Сол уәдені орындауға тырысып жатырмын. Қазір дүниежүзі поэзиясының қазақ тіліндегі тәжімасын – «Жаһар жыры» деген 3 томдықты дайындап болдық. Соны әдебиет, журналистика факультеттеріне ұсынамыз, – деді Ержан Алаштуған.

Айта кеткен жөн, Ержан Алаштуған – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ арнайы сыйлығының және Түркі әлемі әдебиетшілері бірлестігінің Ататүрік атындағы сыйлығының иегері, Халықаралық «Заманауи әдебиет» жобасының үйлестіруші-редакторы, «AR» Баспа Үйінің жетекшісі және «Әлем әдебиеті» журналының бас редакторы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.