ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жолда абай болайық: биыл Алматы облысында көлік ап...

Жолда абай болайық: биыл Алматы облысында көлік апаты 400-ден астам адам өмірін жалмаған

Әлеумет 29.12.2021, 13:19 1,061
Жолда абай болайық: биыл Алматы облысында көлік апаты 400-ден астам адам өмірін жалмаған
Сурет: Inbusiness.kz
Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 процентке көп

Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 процентке көп


Жақында ғана «Алматы-Қорғас» тас жолында ең ірі жол апаты болды. 17 автомобиль бір-біріне соғылған еді. Осыған байланысты облыстық ПД қылмыстық іс қозғады. Көліктердің соқтығысуы «Алматы-Өскемен» автомагистралінда да жиілеп кетті.


Талдықорғаннан Үшаралға дейінгі аралықта осындай оннан аса қауіпті аймақ бар. Жүргізушілердің кейбірі асфальт төселген жол аяқталып, айналмаға бұрылатын жерді байқамай тіке өтіп кететін көрінеді.



«Айына бір-екі рет жол көлік оқиғасы болады. Осы жерге шақыртумен келеміз. Бәрі осы жылдамдықты сақтамағандықтан болады. Жол белгілері тұр», - дейді патрульдік полиция инспекторы Бақтияр Отаршынов.



Мұндағы жол белгілері уақытша қойылған. Өйткені автомагистраль 2018 жылдан бері қайта салынып жатыр. Қазір 300 шақырымнан асатын жолдың 280 км пайдалануға берілген. Сәйкесінше, көліктер де жүйіткіп жүретін болды.  


Жол сапасы жақсарғанымен оның қысқы күтіміне байланысты жүк көлігі жүргізушілерінің айтар уәжі бар.


Көлік жүргізушілерінің айтуынша, жолдың жиегіне көлікпен шығып тоқтай алмайтын көрінеді. Жол күтіміне жауаптылардың жұмысын нашар деп бағалап отыр. Өйткені жаңбыр жауса бірден мұз қатып, жүру қиындайды.


Талдықорған мен Үшарал аралығындағы жол күтіміне қатысты полицейлер бірнеше рет тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жауапты мекемелерге 50-ден аса ұйғарым берілді. Облыс аумағындағы өзге жолдарда да олқылықтар анықталған. 



«Жолды техникалық бақылау бөлімінің қызметкерлері Алматы облысында 2500 тексеру жасалып, ұйғарымдар берілген. Сол ұйғарымдарды орындамағаны үшін  250 жол мекемесінің немесе ауылдық, аудандық әкімшілік жазаға тартылды. Соның ішінде «Қазавтожол» компаниясы бар», - деді Алматы облыстық ПД ӘПБ бөлім басшысы Серіжан Әбжанов.



Биыл облыс жолдарында 2044 көлік соқтығысып, 2900-ден аса адам жарақат алды. 400-ден аса жолаушы қайтыс болды. Қара жолдағы қайғылы жағдайды азайту мақсатында келесі жылы өңірдегі автомагистральдарға 300-ден астам бейнебақылау камералары орнатылады. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,312 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.