AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жолбарыстар Қазақстанға 2025 жылы оралады

Жолбарыстар Қазақстанға 2025 жылы оралады

Оқиға 29.07.2022, 13:31 1,606 Almaty-Akshamy
Жолбарыстар Қазақстанға 2025 жылы оралады
Сурет: Ашық дереккөз

Елімізге алғашқы жолбарыстар 2025 жылы әкелінбек


 29 шілде – Халықаралық жолбарыстар күні. Осыған орай, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбайұлы әлеуметтік желіде  жолбарыстар жөнінде деректермен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 
Ол ХХ ғасырдың басында жер бетінде жолбарыстың 9 түрі мекендеп, саны 100 мыңнан асса, ХХІ ғасырдың басында шамамен 3,5 мыңы қалғанын айтты. Сондай-ақ Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кеткенін атап өтті.


«Қазіргі таңда Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі Балқаш маңында жолбарыс популяциясын қалпына келтірудің 15 жылға арналған бағдарламасын жасады. Ол аңның мекен ету ортасын дайындау, жолбарысты табиғатқа жіберу және бағдарламаның жүзеге асуын бақылау шараларын қамтиды», - деп жазды ол. 


Беркінбаевтың айтуынша, 2018 жылы «Іле-Балқаш» резерваты құрылып, онда биотехеникалық шаралар арқылы қабан, құлан, қарақұйрықтарды көбейту, бұқар бұғыларының популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Осы аталған шаралар орындалғаннан кейін экожүйе жолбарыс популяциясын ұстап тұруға қабілетті болмақ.


«2010 жылы Қазақстан халықаралық жолбарыс саммитінде Орталық Азияға Тұран жолбарыстарын қайтаруға дайын екенін мәлімдеген. Ал 2017 жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF) Оңтүстік Балқаш маңы мен Іленің Дельта ауданында жолбарыстың реинстродукциясы бағдарламасын жүзеге асыру туралы Меморандумға қол қойылды. Елімізге алғашқы жолбарыстар 2025 жылы әкелінбек», - деп хабарлады ол. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолбарыс #Балқаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);