AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жолаушылар пойыздарына бақылау күшейеді

Жолаушылар пойыздарына бақылау күшейеді

Заң мен тəртіп 08.02.2023, 06:30 994
Жолаушылар пойыздарына бақылау күшейеді
Сурет: Inbusiness.kz

Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстары басталады.


"Тальго" жолаушылар пойыздарын бақылау күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетіне сілтеме жасап.


Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстары басталады. Ол жылжымалы құрам жасақталатын пунктерде жүзеге асырылады.


Соңғы үш жылда Patentes Talgo S.L. компаниясының жүрдек пойыздарында техникалық вагондар 3 рет өртенген. Оған себеп - жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы.



"Былтыр индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзған 100-ден астам фактіні анықтаған. 2 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген", - деп мәлімдеді министрлік.



Көліктік бақылау органдары "Аршалы – Анар" учаскесінде Петропавл – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының техникалық вагонындағы өрттің шығуына байланысты Patentes Talgo S.L. жолаушылар пойыздарына профилактикалық бақылау жұмыстарын күшейтуді ұйғарды. Тексеру нәтижесі жарияланады.


Ақауы бар вагондар рейске шығарылмайды. Теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау саласында қандай да бір өрескел кемшіліктер байқалса, министрліктің көлік комитетіне қарасты орталықтың +77080880800 немесе 98-35-35 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласып, тиісті ақпаратты жеткізуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тальго #пойыз #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);