ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады

Жолайрықтар қала көшелерінің тынысын ашады

Әлеумет 01.07.2021, 14:53 1,778
Жолайрықтар  қала көшелерінің тынысын ашады
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-таныстырылым барысында қаламызда салынып жатқан үш жолайрық туралы айтты деп...

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-таныстырылым барысында қаламызда салынып жатқан үш жолайрық туралы айтты деп хабарлаған болатынбыз.


Бүгін әкімнің осы онлайн-таныстырылымын көрген қала тұрғыны, сәулет және қала құрылысы бойынша PhD доктор Арман Сағиев өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.


- «Алматы» телеарнасынан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы салынып жатқан жолайрықтар құрылысы туралы хабардар еткен көрсетілімін көріп, тыңдадық. Шынымен де, қалың көлік жүйіткитін көшелерге үлкен жолайрықтар керек.


Кеше қала әкімі айтып өткендей, жер асты өткелдері, тротуарлар, велосипедке арналған арнайы жолдар қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттырады. Қаладағы ең үлкен Рысқұлов, Саин, Сейфуллин сияқты көшелерге жолайрықтар салынып жатыр. Бұл қала тұрғындарын қуантады деген ойдамын.


Негізі құрылысқа аз уақыт кетпейтіні белгілі. Бұл еңбекті талап ететін жұмыс. Ұсақ деталіне дейін ұйымдастырылуы керек. Мысалы, жер асты өткелдері қай жерге салынады, тротуарлардың ұзындығы, ені қанша болады деген сынды мәселелер қарастырылуы керек. Сондай-ақ, жолайрықтар салу үшін үлкен көлемде жер учаскелерін сатып алу керек.


Кеше Бақытжан Сағынтаев ол жерлерде адамдар тұратындықтан, сатып алу қиынға соғатынын атап өтті. Алайда тұрғындармен келіссөз жүргізуге тырысып жатырмыз деді. Оның өзі біраз уақытты талап етеді. Жалпы, жолайрықтар салу қала тұрғындарының қауіпсіздігі, игілігі үшін екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, қай жағынан болсын, қала тұрғындарының қолдауы өте маңызды деп ойлаймын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.