AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жол саласы мамандарының цифрлық қоры жасақтала бас...

Жол саласы мамандарының цифрлық қоры жасақтала бастады

Әлеумет 12.04.2023, 10:43 809 Almaty-akshamy.kz. 
Жол саласы мамандарының цифрлық қоры жасақтала бастады
Сурет: ашық дереккөз

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығы жолшылардың бірыңғай біліктілік базасын толтыру үшін дерек жинау жұмыстары басталғанын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені, аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.



«Біліктілік базасында автожол мамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтер сақталады. Біздің болжамымыз бойынша, бұл базаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.



Институт сайтында жол құрылысы мамандығын игерген ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинала бастады.



«Институттың сайтында деректерді жинау туралы хабарландырумен бірге, біз жол саласында оқитын студенттер, еңбек ететін қызметкерлер мен компаниялар сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы, цифрлық база еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді», – деді «ҚазжолҒЗИ» АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу.



Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың желтоқсанында «ҚазжолҒЗИ» аталған жүйенің жобасын жасап, авторлық құқық алған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #цифрлық қоры #бірыңғай біліктілік базасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);