ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жол қозғалысы ережесіне қосымша талаптар енгізілді

Жол қозғалысы ережесіне қосымша талаптар енгізілді

Заң мен тəртіп 08.09.2023, 06:36 1,222
Жол қозғалысы ережесіне қосымша талаптар енгізілді
Сурет: интернеттен
Ішкі істер министрлігінің бұйрығы жарияланды.

Ішкі істер министрлігінің бұйрығы жарияланды.


Министрдің бұйрығымен биыл 30 маусымда бекітілген жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мопед жүргізушілеріне велосипед жолымен, веложолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады.


Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесіндегі самокаттар, мопедтер мен велосипедтерге қатысты талаптарды күшейтті.



24-тарауда мопедтер, электр самокаттар мен велосипедтерге қатысты қосымша талаптар белгіленді. Атап айтқанда, велосипед жүргізушілері веложолақпен, ол болмаса, жолдың оң жақ шетімен, соның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей жүре алады.



Ал мопед жүргізушілеріне велосипед жолымен, веложолақпен, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілері велосипед жолымен немесе веложолақпен жүре алады. Ондай жолақтар болмаса, жолдың оң жақ шетімен, соның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен бір қатарда не жол жиегімен, жаяу жүргіншілердің жүрісіне қауіп төндірмей, сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тиіс.


18 жасқа толмаған және жүргізуші куәлігі жоқ электр самокат жүргізушілеріне жолдың жиегімен және маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруге тыйым салынады.


171-тармақта барлығына ортақ шектеулер көрсетілген. Олар:


рөлден ұстамай жүруге;


жолаушы тасымалдауға (велосипед пен мопедте арнайы орындар болса, жолаушыны тасымалдай алады);


жүктердi тасымалдауға (велосипед пен мопедте арнайы құрылғылар болса, жүктерді тасымалдауға болады, бірақ 0,5 метрге шығып тұрмауы керек);


трамвай қозғалысы бар жолдарда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға;


мопедтер, электр самокаттар мен велосипедтерді сүйретуге (мопедтер мен велосипедтерге арнайлған тіркемелерді сүйретуге болады);


жаяу жүргіншілер өткелімен мопед, электр самокаттар мен велосипедтен түспей жүруге;


түнгі уақытта жарықты шағылыстыратын заттарсыз жүруге;


жолдың жиегіне шлемсіз шығуға тыйым салынады.


Сондай-ақ мопед, электр самокат, велосипед пен мотоцикл мінген мүгедек азаматтар жаяу жүргіншілерге теңестіріледі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,437 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,284 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.