Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жол қозғалысы екі тәулікке шектеледі

Жол қозғалысы екі тәулікке шектеледі

Әлеумет 06.07.2023, 14:17 1,014
Жол қозғалысы екі тәулікке шектеледі

Алматыда Тілендиевтен Розыбакиев көшесіне дейінгі Абай даңғылындағы қозғалыс екі тәулікке шектеледі


Асфальтбетон жабындысының төселуіне байланысты Абай даңғылы бойынша Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін күндізгі және түнгі уақытта 7 шілдеде сағат 23:00-ден 9 шілдеде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі. Айналма жол Есенжанов, Сәтбаев, Тілендиев, Брусиловский, Тұрғұт Озал көшелерімен қамтамасыз етіледі.  


Қозғалысты шектеу осы учаскеде полимерасфальтбетонды қолданумен байланысты. Ол 150-160 С температурада төселеді, қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек. Әйтпесе, қоспаның құрамы көлік құралдары жүктемелерінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта жарықтар мен колысулардың пайда болуына әкеледі. Жабынды төсеу жұмыстары түнде жүргізіледі, алайда жүргізілетін жұмыстардың сапасының нашарлауын болдырмау үшін бетті салқындату және тиісті қаттылық пен беріктікті жинау үшін орта есеппен 36 сағатқа шыдау ұсынылады. Бұл кезең, әдетте, күндізгі уақытқа сәйкес келеді, бұл қозғалыстың қабаттасуын түсіндіреді.


Айта кетсек, алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары осы учаскеде 2012 жылы жүргізілген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты жобалау ұйымының (лицензиясы бар) өкілдерімен тексеру жүргізілді. Шұңқырлар, түрлі шөгулер түріндегі ақаулар анықталды, осы жолдың ағымдағы жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Осыған байланысты учаске 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.


Бұған дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жөндеу бригадалары екі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. 


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Бұл қала жолдарын жөндеу олардың бізге ұзақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Сондықтан баратын бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз. 


Алматы қалалық мобильділік басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолқозғалыс #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.