AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұлдар пайда бол...

Жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұлдар пайда болуы мүмкін

Заң мен тəртіп 21.02.2023, 11:25 1,032
Жол ережесін бұзғандарға жаңа айыппұлдар пайда болуы мүмкін
Сурет: РБК

592-бапқа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.


ҚР Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



Көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде (69 000 теңге) айыппұл салынады.


Ал көлік құралы қозғалысының белгіленген жүру жылдамдығын 80 және одан астам шамаға арттыру 40 АЕК мөлшерінде (138 000 теңге) айыппұл салуға алып келеді.


Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.



593-бап та ("Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау") өзгертілді.


Онда жолаушыларды көліктің кабинасынан тыс тасымалдауға, сондай-ақ көлік құралының терезелері мен люктеріне шығып кетуге, есіктерді ашуға және көлік жүргізу кезінде басқа да осыған ұқсас әрекеттерді жасауға жол бергені үшін жаза қарастыратын жаңа тармақ пайда болды.


Бұл әрекеттерге 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл белгіленді.


Қозғалыс кезінде жолаушылар көлік құралының салонынан тыс жерде болған кезде оның талабын сақтамауы 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


Кодекстің 46-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, арнаулы құқықтан айыру қолданылмайтын адамдар жасаған әрекет отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.



Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және өзге де құрылыстардың не өзге де мүліктің материалдық залал келтіруіне әкеп соққан, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекет 9 ай мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.



Заң жобасы 13 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #ереже #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);