AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жол апатынан 7 спортшы қаза тапты: оқиғаның мән-жа...

Жол апатынан 7 спортшы қаза тапты: оқиғаның мән-жайы айтылды

Барлығы 03.12.2025, 10:29 481 Сұлу
Жол апатынан 7 спортшы қаза тапты: оқиғаның мән-жайы айтылды
Видео кадры

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты жеті адамның өмірін жалмады. Қаза тапқандар қатарында есту қабілеті төмен спортшылар бар. Олар Бішкектегі турнирден қайтып келе жатқан, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Бұл Қазақстандағы есту қабілеті төмен спортшылар қауымдастығы үшін өте ауыр жағдай. Өйткені көлікте жастар құрамасының бас бапкері де болған. Бәрі де ұлттық құраманың мүшелері еді. Олар Азия чемпионаттарында жүлделі орындар алған тәжірибелі спортшылар болатын", - деді Ұлттық сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов. 

Қайғылы оқиға кеше түн ортасында болды. Жолаушыға лық толы минивэн тізгіндеген жүргізуші жүйткіп келе жатып тежеуішін басып үлгермеген. Сөйтіп алдында келе жатқан жүк көлігінің тіркемесіне соғылады. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл машинаның сау-тамтығы қалмапты. Көлік жүргізушісі мен алты жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Марқұм болған спортшылар Бішкекте өткен ардагер футболшылар арасындағы турнирге қатысқан екен. Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

"Полиция қызметкерлері Алматы - Бішкек автожолының 129-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу амалдары жүргізілді", - деді Алматы облысы ПД бөлім басшысы Ернар Сайділдин. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #Футболшылар #қаза
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);