AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жоғары өрт қаупі мен жауын-шашын: күн райы қалай қ...

Жоғары өрт қаупі мен жауын-шашын: күн райы қалай құбылады?

Өмір-өзен 07.10.2024, 08:11 1,363
Жоғары өрт қаупі мен жауын-шашын: күн райы қалай құбылады?
Сурет: Astanatv.kz

Синоптиктер Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабар таратты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

7 қазанда оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, күн күркірейді.

Атырау облысында күндіз облыстың батысында және солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, облыстың батысында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыс орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз нөсер жауан жауады. Оңтүстіктен соққан жел облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс желіне ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының басым бөлігінде жоғары (5-класты) өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз батыста, Маңғыстау облысының орталығында дауыл соғады. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы облыс орталығында 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Күндіз шығыста, облыс орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстікте, облыстың тау бөктерінде найзағай ойнайды. Батыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #болжам #7 қазан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);