ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды...

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

Әлеумет 26.09.2024, 10:15 1,122
Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ
peakpx.com
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде «Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты» деген жалған мәліметтер тарауда, деп хабарлайды...
 

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде «Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты» деген жалған мәліметтер тарауда, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жоғарғы Соттың шешімі мектептердегі орамал тағу мәселесіне тікелей қатысы жоқ. Істі қарау барысында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығын талқылаған жоқ.

Шешімнің негізгі мазмұны – мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп тану болды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі ретінде қарастырылған.

Сонымен бірге, Білім және ғылым министрлігінде орта білім беру ұйымдарына арналған міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту өкілеттігі бар. Министрдің бұл талаптарды бекітетін бұйрығы заңсыз деп танылмаған және оның күші жойылған жоқ. Ата-аналар осы мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетін орындауға жауапты екенін ескеруі қажет.

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеттері заңмен белгіленген. Бұл міндеттерді орындамау, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген талаптарды сақтамау жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Жоғарғы Соттың шешімі мектептерде орамал тағу мәселесіне қатысты емес екенін нақты атап өткен жөн. Мектептерде міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өз күшінде қала береді, және оқушылардың білім алу құқығы мен мектеп ережелерін сақтау жауапкершілігі ата-аналарға да тиесілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.