AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жоғарғы Сот кеңесі алматылық судьяны қызметінен б...

Жоғарғы Сот кеңесі алматылық судьяны қызметінен босатты

Әлеумет 12.10.2022, 06:42 1,243
Жоғарғы Сот кеңесі алматылық судьяны  қызметінен босатты
Сурет: Vecher.kz

Светлана Жолманова Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы. 


Жоғарғы Сот Кеңесі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



"Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Жолмановаға қатысты судьяның сот істері бойынша тараптардың өкілдерімен процестік емес байланыс жасауына байланысты судьялық әдепке қайшы қылық жасау фактісі бойынша тәртіптік істі қарады. Сот жюриі судья Жолмановаға қатысты лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады", - делінген кеңестің хабарламасында.



Бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, Светлана Жолманова оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.


Еске сала кетейік, 2021 жылдың сәуірінде әлеуметтік желіде Алматы қаласы Медеу ауданының судьясы Светлана Жолманованың кабинетін тінту кезінде миллиондаған доллар табылғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен Алматы қалалық соты желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство судьяның кабинетінен 10 мың доллар табылғанын, үйінен ештеңе табылмағанын хабарлады. Кейінірек судья баспасөз мәслихатында өзіне тағылған айыптың негізсіз екенін айтты. Ол тәркіленген 10 000 АҚШ доллары ипотекаға пәтер алам жинаған өзінің ақшасы екенін түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сот #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);