ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жиһаз бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады

Жиһаз бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады

Әлеумет 12.07.2023, 06:15 999
Жиһаз бағасы бір жылда 20%-ға қымбаттады
Сурет: Оpennews.kz
Маусым айының қорытындысы бойынша бұл салада баға бір айда 2,6%-ға қымбаттаған.

Маусым айының қорытындысы бойынша бұл салада баға бір айда 2,6%-ға қымбаттаған.


Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz порталына сілтеме жасап.


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр елде сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарының 90,2%-ы жұмсақ жиһазға иелік етті. Тағы  80,6%-ында жатын бөлме жиһазы, 94,4%-ында ас үй жиһазы, 97%-ында кілемдер болса, 3,4%-ында өнер туындылары, 36,7%-ында басқа да жиһаз бар.


Қала тұрғындары ауылдықтарға қарағанда жұмсақ жиһаз, ас үй жиһазы, өнер заттарымен жақсы қамтамасыз етілген. Өз кезегінде ауыл тұрғындарының жатын бөлме жиһазы, кілемдермен қамтамасыз ету деңгейі жоғары.


Өңірлік бөліністе жұмсақ жиһазбен қамту көрсеткіші Алматыда жоғары (99,4%), ең төмен көрсеткіш – Маңғыстау облысында (53,6%).


Жатын бөлме жиһазымен қамтамасыз ету бойынша бірінші орында Алматы облысы (98,6%) тұр, ең төменгі деңгей Маңғыстау облысында тіркелді (43,2%).


Ас үй гарнитурасымен Алматы, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының үй шаруашылықтары 100 пайызға қамтылған. Бұл көрсеткіш Түркістан облысында төмен (86,8%).


Осы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша отандық өндірушілер ас үй жиһазына деген сұранысты (ішкі нарықта сату және экспорт) 64,8%-ға қамтамасыз етті. Импорт – 35,2%. Бұл ретте сәйкес кезеңде өндіріс бір жылда 28,4%-ға қысқарды. Отандық өндіріс үлесі жиһаз импорты өндіріске қарағанда айтарлықтай азайғандықтан ғана өскен.


Ішкі нарықта 43,3 мың бірлік ас үй жиһазы сатылды. Бұл былтырғыға қарағанда 49,6%-ға аз. Секторда экспорт іс жүзінде жоқ: 4 ай ішінде сыртқы нарыққа 36 бірлік өнім жөнелтілді.


Биылғы маусым айының қорытындысы бойынша жиһаз бен тұрмыстық заттардың бағасы бір айда 2,6%-ға, бір жылда 20,3%-ға артты.


Республика бойынша бағаның ең жоғары жылдық өсімі Шығыс Қазақстан (41,8%), Қарағанды (33,1%) және Қостанай (31,5%) облыстарында тіркелді.


Бұл ретте бағаның ең төмен жылдық өсімі Маңғыстау (4,3%), Павлодар (7,7%) және Ұлытау (10,6%) облыстарында байқалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.