ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / ЖИ және пәнаралық зерттеулер: халықаралық конферен...

ЖИ және пәнаралық зерттеулер: халықаралық конференцияда жаңа ғылыми векторлар талқыланды

Білім және ғылым 01.12.2025, 16:45 334
ЖИ және пәнаралық зерттеулер: халықаралық конференцияда жаңа ғылыми векторлар талқыланды
МИТУ
2025 жылғы 27 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі мен гуманитарлық ғылымдармен өзара ықпалдастығына арналған «Қазақстан...

2025 жылғы 27 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (МИТУ) жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі мен гуманитарлық ғылымдармен өзара ықпалдастығына арналған «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: тарих, мәдениет, тіл және технологиялар диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Пәкістан және бірқатар шетелдік ғылыми орталықтардың өкілдері қатысып, офлайн және онлайн форматта 200-ден астам қатысушыны біріктірді.

Конференцияның ашылуында университет ректоры Дархан Берікұлы Ақпанбетов жасанды интеллект дамуының жоғары қарқыны білім беру, ғылыми зерттеулер, тіл саясаты мен мәдениет салаларына жаңа талаптар қоятынын атап өтті. Ол ЖИ технологияларының қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымына әсерін талдайтын ғылыми алаңдарға сұраныс артып отырғанын, цифрлық трансформация жағдайында білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздерін қайта қараудың өзектілігін атап өтті.

Пленарлық мәжілісте ұсынылған баяндамалар жасанды интеллекттің пәнаралық сипатын, оның әлеуметтік-мәдени дамуға ықпалын және гуманитарлық ғылымдардағы жаңа әдіснамаларды қалыптастырудағы рөлін әр қырынан қарастырды. ҚР ҰҒА академигі, профессор Мақтағали Әбдімәжитұлы Бектемісов ЖИ-дың ғылым мен білім саласындағы жүйелік өзгерістерге ықпалын ғылыми модельдер арқылы талқылады. PhD доктор Зафаруллах Сахито заманауи STEAM оқыту құрылымында тілдің интеграциялық рөлін көрсетті.

Kazakh-American University президенті, академик Асылбек Абдиашимович Исахов жасанды интеллекттің адамзат дамуына әсерін, цифрлық қоғамдағы этикалық өлшемдер мен әлеуметтік жауапкершілік мәселелерін саралады. Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің профессоры Бахтияр Эргашевич Эргашев Түркістан генерал-губернаторлығы дәуіріндегі іс жүргізу құжаттарына деректанулық талдау жасады.

Сонымен қатар, профессор Жомарт Құдайбергенұлы Симтиков гуманитарлық ғылымдардың цифрлық трансформацияға бейімделуін, ЖИ құралдары арқылы жаңа зерттеу мүмкіндіктерін қарастырды. МИТУ профессоры Алтынай Бурхатовна Абуова түйе сүтін сублимациялық кептірудің ғылыми-технологиялық параметрлерін таныстырды. Түркиялық зерттеуші Ибрахим Калқан қазақ шежіресін цифрландыру бағытындағы ЖИ қолданбаларын талдады.

Конференция аясында үш ғылыми бағыттың жұмысы ұйымдастырылды. Тарих және мәдени мұра бағытында архивтік материалдарды цифрландыру, тарихи деректерді ЖИ арқылы талдау, виртуалды музейлер құру мәселелері қаралды. Тіл саясатына арналған бағытта көптілді білім беру, цифрлық лингвистика және тілдік контентті автоматтандыру сияқты тақырыптар талданды. Үшінші бағыт жасанды интеллектің экономика, технология және қоғамдағы орнықты даму процестеріне әсерін зерттеуге арналды.

Форум қорытындысында цифрлық гуманитаристиканың болашағы мен ЖИ технологияларын ғылыми процестерге интеграциялау жөнінде жаңа ғылыми тұжырымдар жасалды. Конференция халықаралық академиялық қауымдастық арасындағы серіктестікті нығайтудың маңызды алаңына айналды.

Конференция МИТУ-дың цифрлық дәуір жағдайында ғылым мен білімнің сапалы дамуына бағытталған стратегиялық бастамаларды қолдайтынын айқын көрсетті.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.