AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жезөкшелікпен айналысқан адамдар АrtSport аясында...

Жезөкшелікпен айналысқан адамдар АrtSport аясында сабақ берген

Оқиға 11.12.2022, 17:03 1,417 Almaty-akshamy
Жезөкшелікпен айналысқан адамдар АrtSport аясында сабақ берген
Сурет: Ашық дереккөз

Cпорт секцияларына 6 мыңға жуық баланы жалған ресімдеген


АrtSport бағдарламасын жүзеге асыру барысын тексеру кезінде 6 мыңға жуық баланы жалған тіркегені анықталды. Салдарынан 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы жымқырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Тексеру барысында үйірмелер мен спорт секцияларына 6 мыңға жуық баланы жалған ресімдеу арқылы 1,1 млрд теңге бюджет қаржысының ұрланғаны анықталды. Кей өңірде (Алматы, БҚО, ШҚО, Маңғыстау облысы) балалармен білім-білігі жоқ, шығармашылық пен спортқа мүлдем қатыссыз, тіпті бұрын жезөкшелік және жыныстық қолсұғушылық қылмысы үшін сотталғандар жұмыс істеген. Ал басқа облыстарда үйірме және секция залдары санитарлық талаптарға сәйкес келмеген», - делінген хабарламада.



Сондай-ақ, ресми ақпаратта мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жариялау ережесі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілмегені айтылған.


Тапсырыс аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бір де бір қорытынды алынбаған.



«Прокурорлардың алаяқтық, ұрлық, пара беру және пара алуды анықтаған фактілері бойынша (18 іс) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалы басталды. 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сол сияқты 94 бизнес субъектісінің құқығы қорғалып, 50 жалдау шарты бұзылды», - дейді ведомстводан.



Жоғарыдағы жайтқа байланысты Бас прокуратура АrtSport бағдарламасы шарттарына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.


Яғни ваучер саны біреуге дейін қысқарды (бұрын 2 балаға дейін жазылу мүмкін еді), сонымен қатар санитарлық талаптар күшейтіліп, ең төменгі жас шегі өзгертілді (бұрын еркін күреске қабылдау 5 жастан басталса, қазір 10 жастан).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АrtSport #заңбұзушылық #прокуратура
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);