ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жетісулықтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Жетісулықтарға мемлекеттік наградалар табысталды

Әлеумет 12.12.2021, 08:12 1,497
Жетісулықтарға мемлекеттік наградалар табысталды
Cурет: Алматы облысы әкімдігі
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы


Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысына Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен келді. Сенат Спикері Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған жиынға қатысып, жетісулықтарға мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еліміздің ең ұлық мерекесі - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын Талдықорғандағы Б.Римова атындағы драма театрында өтті. Жетісу жұртшылығымен кездесуде Мәулен Әшімбаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдеріне және еліміздің 30 жылда қол жеткізген табыстарына тоқталды. Сенат Спикері осы жылдар ішінде еліміз шекараны шегендеп, жаңа экономикалық жүйеге көшіп және оны нығайтып, мемлекеттік институттардың берік негізін қалағанын айтты.



«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімімен Арқа төріне жаңа елордамызды тұрғыздық. Астананы салу тұтас елдің экономикасына мультипликативті әсерін тигізді. Қазіргі таңда Нұр- Сұлтан қаласы барлық сала мен өңірге қан жүгірткен еліміздің нағыз жүрегіне айналды», - деді Сенат Төрағасы.


Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік алғалы Алматы облысының өсіп- өркендегенін және осы кезеңде өңір тұрғындарының тұрмыстық жағдайы артқанын тілге тиек етті. Аймақта ірі кәсіпорындар бой көтеріп, мыңдаған жұмыс орны ашылғанына назар аударды.


Сондай-ақ Сенат Төрағасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді жаңғырту бағдары Қазақстанның дамуына тың серпін бергенін және соның аясында саяси, әлеуметтік реформаларды іске асыруға жол ашылғанын жеткізді.



«Саяси бәсекенің нығаюына ықпал еткен маңызды шешімдер қабылданды. Әлеуметтік саланы дамытуға айтарлықтай назар аударылды. Мұғалімдердің, медицина, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы едәуір ұлғайды. Ұстаздардың мәртебесі өсті. Мүгедектерді қолдау бағытындағы заңнамалық база нығая түсті. Экономиканы әртараптандыру ісі жаңа қарқынмен жалғасын тапты», - деді Мәулен Әшімбаев.


Салтанатқа жиналған көпшілікті Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев та құттықтап, тәуелсіздіктің ел дамуындағы мән-маңызына тоқталды:
«Биыл барша қазақстандықтар тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтуде. Елдігіміздің алтын арқауы, бірлігіміздің берік бастауы болған осы мерейлі мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Өз Тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың батыл бастамасымен және өлшеусіз еңбегімен жаңа да жасампаз дәуірге қадам басты. Осы жылдар ішінде ғасырға бергісіз мүмкіндіктерге жол ашылды, ауқымды жұмыстар атқарылды. Елбасының салиқалы саясатымен іске асырылған ұлан-ғайыр істерді қазір Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,297 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.