ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Жетісулықтар ұмыт қалған ақынды ұлықтады

Жетісулықтар ұмыт қалған ақынды ұлықтады

Мәдениет 16.06.2023, 10:07 1,090
Жетісулықтар ұмыт қалған ақынды ұлықтады
Сурет: ашық дереккөз
Жетісуда ұмыт қалған талантты ақын Қайрат Әлімбековтің «Жоқ іздеген жігіт» жыр жинағы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жетісуда ұмыт қалған талантты ақын Қайрат Әлімбековтің «Жоқ іздеген жігіт» жыр жинағы жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Арынды ақын, қарымды журналист Қайрат Әлімбековті бүгінгі қазақ әдебиетінің аға буыны жақсы біледі. Уағында қазақ баспасөз саласында өзінің қолтаңбасын қалдырып, жыр әлемінде де жүйріктердің бірі атанған. Әйтсе де ғұмырдариясы қысқа болды. Бертін келе есімі де ұмытыла бастады. Дегенмен Жетісу облысының әкімі һәм бірге оқыған досы Бейбіт Исабаев бастаған қаламдас әріптестері қаламгердің мұрасын қайта жаңғыртуға бел байлады. Бұдан бұлай облыс көлемінде жыл сайын дәстүрлі түрде ақынның рухына арналған мүшәйра ұйымдастырылады.


BAQ.kz таратқан мәлімет бойынша, әуелі бір топ зиялы қауым әрі замандастары Қаратал ауданыңдағы ақын жерленген зиратқа барып, топырақ алып, құран бағыштады. Одан кейін М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде ақын Қайрат Әлімбектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғазал-ғұмыр жарқылы» бұрышы ашылды. Мұнда ақынның жеке заттары қойылған. Оқырмандар музейден қаламгердің қылқаламын, отбасылық суреттерін, куәліктерін, жазу машинасын, портфелін, костюмін, әртүрлі мақтау қағаздары мен домбырасын көре алады.


Жетісуда ұмыт қалған ақынды ұлықтады


Қазіргі «Жетісу» облыстық газетінде әріптес болдық. Кез келген тақырыпты жік-жігімен, бұтарлап тұрып жазатын. Көлемді мақалаларын былай қойғанда, қып-қысқа ғана хабардың өзін қараөлеңмен өрнектеп жіберетін шеберлігін де ұмытқан жоқпыз. Кез келген мақаласы мақал-мәтелге, нақыл сөздерге тұнып тұратын-ды. Ұлағатты сөздерге кейбір әріптестер секілді ұзын-сонар анықтама беріп жатпайтын, әрі өзіне «меншіктеп» те алмай, әрдайым тырнақша ішіне салуды ұмытпайтын. Сол тырнақша ішіндегі бір сөйлем бақандай бір абзацтың жүгін көтеріп тұратын, - дейді журналист курстасы Нұржамал Әлішева.



Ақынның еске алуға арналған салтанатты шараға жиналған қауым біз ойлағаннан да көп болды. Алдымен Б.Римова тындағы Талдықорған драма театрының фойесінде «Жоқ іздеген жігіт» жыр жинағының тұсауы кесілді. Содан кейін сахна төрінде ақынның шығармашылығы мен өміріне арналған бейнефильм көрсетілді.


Жетісуда ұмыт қалған ақынды ұлықтады

«Жырға айналған жампозым» еске алу кешінің беташар сөзін облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлының сөйлеп, есті естелігімен бөлісті.


«Біз Қайратпен ҚазМУ-де бірге оқыдық, бір бөлмеде тұрдық. Журналистика саласында 1980-ші жылдарда қатар қызмет еттік, үзеңгілес, пікірлес, дос-жолдас болдық. Қайраттың мінезі көпшіл, парасаты терең, бойында лапылдаған жалыны бар, арынды, адуынды, рухты азамат болатын. Оның ойға ұтқыр, сөзге шешендігі, азаматтық болмысы, елжанды мінезі жырларынан айқын аңғарылып тұратын.


Өкінішке қарай Қайрат ақын арамыздан ерте кетті. Небары 43 жыл өмір сүріп, жасындай жарқ етіп өте шықты.


«Менің тақырыбым - Адам» деп өзі айтып кеткендей:



Ағыл-тегіл көңілде тулайды өлең,


Дауысымды тік тұрып тыңдайды әлем.


Шат өмірден осынау шабыт алып,


Жырлай берем Адамды, жырлай берем!


- деп өлеңге ағынан жарылды», деді өңір басшысы Б. Исабаев.



Жетісуда ұмыт қалған ақынды ұлықтады

Салтанатты шарада қаламгердің замандастары мен әріптестері жастық шақтарынан сыр тарқатып, ақын жайлы ақ лебізін жеткізді. Сондай-ақ ақынның өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, көрерменнің ықыласына бөленді.


Жиын соңында Қайрат Әлімбековтың рухына арналғана ас берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.