AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жетісулық ауыл педагогы TikTok желісінде ТОП-50 үз...

Жетісулық ауыл педагогы TikTok желісінде ТОП-50 үздік креаторлар қатарына енді

Білім және ғылым 07.03.2025, 12:08 709 dulatbekova
Жетісулық ауыл педагогы TikTok желісінде ТОП-50 үздік креаторлар қатарына енді
Сурет: Gov.kz
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім – 100 новых лиц» тақырыбын жалғастыруда.
 
Бұл жолы министрлік  Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық ауылының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарованы таныстырмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 
 
Ұстаз 50 үздік креаторлардың қатарында TikTok-тың беделді Discover List-2025 тізіміне енді. Discover List — бұл көрерменді шабыттандырып, түрлі тренд жасап жүрген, әлемнің әр түкпіріндегі түрлі мазмұндағы контент авторларына арналған TikTok жобасы. Ботагөз Омарова осы тізімдегі «Оқытушылар» санаты бойынша ерекшеленіп, білім беру мазмұнын дамытуға қосқан үлесі үшін бағаланды.
 
20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар ұстаз 3 жыл бұрын TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын жүргізе бастаған. Осылайша, сабақ беру процесіндегі әдістемелері мен оқытуға стандартты емес көзқарасы аудиторияның назарын аударған. Қысқа бейнероликтерде Ботагөз тіл мен әдебиетті креативті тәсіл арқылы үйренуді ұсынады. Желі пайдаланушылары педагогтен тек сабақтағы ережелерді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар мәдениетті, таза сөйлеуге және тілдің ерекшеліктерін оңай түсінуге болатынын жазған.
 
«Мен тілді үйрену — ережелерді есте сақтау емес, қызықты процесс екенін көрсеткім келді», — дейді педагогтің өзі.
 
Қазақстанда TikTok платформасы танымал және оны білім беру саласының мамандары белсенді пайдаланады. Мәселен, оқытушыларды қолдайтын бірқатар жобалар, соның ішінде #ұстаздар хэштегімен байқаулар да өткізіліп келеді. Мұндай жобаға 2023 жылы Ботагөз Омарова да қатысып, жеңімпаз атанған. Бұл байқау ұстаздарды пәндік білім алудың тартымдылығын арттыру үшін контентті қызықты етіп ұсынуға, түрлі тәжірибелер жасауға шабыттандырады.
 
Бүгінгі таңда Ботагөз Омарованың TikTok-тағы жеке парақшасында 160 мыңнан астам жазылушы бар және ол одан да көп аудиторияны тарта отырып, тікелей эфирде тегін сабақтар өткізіп келеді. Оның танымалдығы — көпжылдық еңбектің, өз кәсібіне деген адалдықтың және білім беруді барлығына қолжетімді және қызықты етуге деген ұмтылыстың нәтижесі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауыл педагогы #үздік креатор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);