AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісудың ауылдарында саумал мен балдан сабын жаса...

Жетісудың ауылдарында саумал мен балдан сабын жасау ісі қайта жаңғырды

Әлеумет 07.11.2022, 14:00 1,558
Жетісудың ауылдарында саумал мен балдан сабын жасау ісі қайта жаңғырды
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысы Қапал ауылының тұрғыны Нұржанат Ердәулетқызы ерекше өнім шығарып отыр. Ол сүт өнімдері мен балдан сабын әзірлеуді қолға алған. Кәсіпкер өзі тауарын «жасыл өнім» деп атайды. Себебі ондағы қоспалар таза, табиғи, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атажұртқа Қытайдан 2019 жылы көшіп келген Нұржанат Ердәулетқызы кезінде кәсібін алабота шөбінен қара сабын қайнатып бастағанын айтады. Кейін сұранысқа қарай шығаратын өнім түрін көбейткен. Соның ішінде сүт сабыны, айран сабыны, саумал сабыны, қияр және бал сабындары сияқты түрлерін дайындайтын болды. Негізі бұл кәсіппен айналысуды Қытайда жүргенде бастаған. Кейін елген келген соң ісін қайта жандандырды. Оған отағасының аттан құлап, мертігіп, жұмысқа шыға алмай қалғаны түрткі болыпты. Яғни осы кәсіпті жүргізіп, табыс табуға бел байлаған.



- Сабынды дайындауға өзіміздің саумал, сүт, қатығымыз, көкөнісіміз, Текелінің балы қолданылады. Ал қажетті кокос майын Қытайдан алғызамын. Кәсіпті кеңейтуге мемлекет тарапынан берілетін грантқа талпынып көруге ниеттімін. Қазір отбасым барынша қолдау көрсетіп отыр. Екі балам мен келінім өнімді қорапқа салып қаптауға, әлеуметтік желілер арқылы тауар өткізу ісін ілгерілетуге жәрдемін тигізеді, - дейді Н.Ердәулетқызы.  




Оның айтуынша, кішкене балалар үшін сабын жүрек, гүл, мысық және басқа да қызықты әрі тартымды формаларда құйылып дайындалады. Мұндай сабынмен нәрестелерді шомылдырса, ешқандай аллергия болмайды. Ересектер қолданса, беттің терісін жұмсартады, жаңа түскен әжімдерді, майлы беттің бөріткендерін, қара дақтарды кетіруге көмектеседі. Яғни кішігірім косметикалық өнім деуге болады. Бағасы сабынның көлемі мен құрамына қарай 500 теңгеден басталады. Дегенмен кәсіпкер беттегі дақтарды медициналық жағынан тексертуді ұмытпау керек дейді. Себебі ол адамның ішкі ағзаларының сырқаты салдарынан ба, әлде сыртқы әсерлерден бе, алдымен соны анықтап алған жөн. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Саумал #Сабын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);