AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Жетісу шаруалары үстіміздегі жылы су тапшылығын кө...

Жетісу шаруалары үстіміздегі жылы су тапшылығын көріп отырған жоқ

Өмір-өзен 03.08.2021, 08:44 1,689
Жетісу шаруалары үстіміздегі жылы су тапшылығын көріп отырған жоқ
Сурет: Atameken.kz

Жергілікті фермерлердің әл-ауқаты осы жердегі суға байланысты.


Алматы облысында көп жылдан бері ауыл шаруашылығымен шұғылданып келе жатқан фермелрер үстіміздегі жылы су тапшылығын көрмедік дегенді айтып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазақстанның Экология министрлігі  «Қырмысхан» шаруа қожалығын мысалға келтіріп отыр. Бұл шаруашылық суармалы суды Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан алады.


Асан Аблаевтың ауданы 600 гектарды құрайтын шаруашылығы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бижанов ауылында орналасқан. Фермер 20 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келеді. Соя, бидай, сұлы, жүгері, жоңышқа өсіріп, еліміздің агроөнеркәсібі саласына сүбелі үлес қосуда. Сондай-ақ, мал шаруашылығымен де айналысады. Сиыр сүтін Қазақстанның ірі сүт өңдеу зауыттарының біріне жеткізеді.



«Үлкен Алматы каналының басшылығы жергілікті шаруа қожалығы иелерімен кездесіп, көтерілген барлық өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешуге басымдық беруде. Кемшіліктер жұмыс барысында түзетіліп жатыр. Бізге жақсы суаруды қамтамасыз ету үшін ұсыныстар беріледі, мысалы, егістікті бірнеше ұяшықтарға бөлсе, суару тиімдірек болатыны айтылды», – деді Асан Аблаев.



Суды үнемдейтін технологияларды, мысалы, жаңбырлататын қондырғыны орнатуға келер болсақ,  фермердің айтуынша, оның мұндай үлкен салымдар үшін әлі қаржылық мүмкіндіктері жоқ, сондықтан бүгінде бұл мәселеде тек мемлекеттен үміт күтеді.



«Тамшылатып суаруға келетін болсақ, ол барлық жерде қолайлы емес. Мысалы, жоңышқа үздіксіз суаруды қажет етеді», - дейді Асан Аблаев.



Фермердің  айтуынша, егістік алқабы таулы-тасты. Сол себептен суармалы су көп мөлшерде қажет. "Бүгін суарғаннан кейін бір апта суармасаң,  бәрі кеуіп қалады: 40 см топырақтың асты тас. Осы себепті біз жиі суаруымыз керек. Алайда қаражат мәселесі қымбатқа шығады».


Асан Аблаевтың шаруа қожалығында 25 адам жұмыс істейді. Ауданда да ірі фермерлері бар. Олардың әл-ауқаты осы жердегі суға байланысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);