AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу өңіріндегі көп балалы аналар өз бизнесін аш...

Жетісу өңіріндегі көп балалы аналар өз бизнесін ашты

Әлеумет 01.02.2022, 12:17 1,329
Жетісу өңіріндегі көп балалы аналар өз бизнесін ашты
Сурет: Gov.kz

«Бастау Бизнес» жобасы өз тиімділігін көрсетті.


Алматы облысы Қапшағай қаласында жеке бизнесін ашуға ниеттенген азаматтар «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Осындай талапты азаматтың бірі Кәмшат Жандәулетова мемлекет қолдауымен шағын тігін ательесін ашты. Ал көп балалы ана Аида Нұрсейітова сән салонын құрып, жұмыс істеуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қапшағай қалалық әкімдігінің хабарлауынша, азаматтарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, оларға мемлекеттік грант беруде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы өз тиімділігін көрсетті.


Мәселен, суретші-модельер мамандығын алған Кәмшат Жандәулетова бірнеше жыл Қапшағайдағы түрлі ательелерде жұмыс істеп, тәжірибе жинаған, кейін «Бастау Бизнес» арқылы кәсіпкерлікті қолға алуға ниеттенді. Арнайы курстан өткен соң өз бизнес жобасын қорғап шықты. 583 400 теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болып, бұл сомаға өндірістік тігін машинасын, торлап тігу мен үтіктеуге арналған техникалар сатып алған. Сөйтіп қазір «Кәмшат» тігін студиясын ашып, жеке бизнесін жүргізіп отыр.


Кәмшат Жандәулетова кәсіби шеберлігінің арқасында 2012 жылы сән өнерінде талабы бар жас дизайнерлер арасында өткен «Жас маман» байқауында жүлделі орын алған болатын. Кәсіпкер алдағы жоспарларымен де бөлісті:



«Алдағы наурыз айында 2-5 млн теңгенің грантына қатыссам деймін. Қыз-келіншектерді тігін ісіне үйрететін студия және тігін цехын ашу жоспарымда бар», - дейді Кәмшат Жандәулетова.



Ал көп балалы ана Аида Нұрсейітова Қапшағай қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы қысқа мерзімдік курста оқып, шаштараз кәсібін меңгерген. Кейін мемлекеттік грант иеленіп, оған шаштараздыққа қажетті жабдықтарын алды. Қазір «Ардақ» шағын сұлулық салонын ашып, келушілерге қызмет көрсетуде.



Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметінше, Қапшағайда 2021 жылы шағын бизнесті дамытуға 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 38 млн теңге шамасында мемлекеттік грант берілді. Грант негізінен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, 29 жасқа дейінгі жастарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бизнес #бағдарлама #Қазақстан #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);