Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу облысындағы лагерьлер талапқа сай емес

Жетісу облысындағы лагерьлер талапқа сай емес

Әлеумет 16.08.2023, 06:13 1,178
Жетісу облысындағы лагерьлер талапқа сай емес
Сурет: ашық дереккөз

Жетісу облысының прокуратурасы 9 балалар лагерінің қызметіне тексеру жүргізіп, мекемелердің жағдайы заң талаптарына сәйкес келмейтінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Атап айтқанда, «Қарлығаш» лагерінде (Көксу ауданы) балаларға арналған азық-түлік санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмастан ветеринариялық-санитарлық сараптама мен қауіпсіздік сертификаттарынсыз сатып алынған.


Балаларға арналған күнделікті тамақтану нормалары сақталмаған. Ас мәзірінде жаңа піскен көкөністерден жасалған тағамдар қарастырылмаған.



«Лагерьлердің барлығында дерлік өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды. Алғашқы өрт сөндіру құралдары – өрт сөндіргіштер мен өрт гидранттары жоқ, өрт кезінде эвакуациялық жолдардың кедергісіз шығуы қамтамасыз етілмеген. Кейбір лагерьлерде мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған. Балалардың лагерьлерде тұруы мен бос уақытын өткізу жағдайы да техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Негізгі (ғимараттар, үйлер) және қосалқы (ас үй, жуынатын бөлмелер және т.б.) лагерь ғимараттары тозған, күрделі жөндеуді қажет етеді», - делінген прокуратура хабарламасында.



Ал «Шағала» лагерінде (Алакөл ауданы) ойын-сауық кешендері мүлде болмаған.


Сонымен қатар Текелі қаласындағы лагерьлердің бірінде «Параноидты шизофрения» диагнозымен есепте тұрған медицина қызметкері анықталды.


«Тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау шаралары қабылданатын болады», - деді прокуратурадан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лагерь #балалар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.