AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу ауданында ұзындығы 500 метрлік жаңа серуенд...

Жетісу ауданында ұзындығы 500 метрлік жаңа серуендеу аймағы пайда болады

Әлеумет 28.08.2024, 09:47 1,236 Bakyt
Жетісу ауданында ұзындығы 500 метрлік жаңа серуендеу аймағы пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда абаттандырылмаған аумвқ жаңа серуендеу аймағына айналады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматының Жетісу ауданының тұрғындарының өтінішімен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Жұмысшы кентінде жаңартылған серуендеу аймағы пайда болады. 500 метрге созылатын абаттандыру жұмыстары Крылов көшесі бойымен Кудерин көшесінен Сахалинская көшесіне дейінгі аумақта жүргізіледі.

Жаңартылған скверде жасыл желекті суарудың автоматтандырылған жүйесі, жаңа балалар ойын мен спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер аймағында шағын футбол алаңы толығымен жөндеуден өткізіліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады. Қосымша сәндік қоршаулар мен габион құрылымдары орнатылады.

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін орталық зират пен қосымша жолдың айналасындағы қоршаулар толығымен қалпына келтірілді. Бұрын зираттағы қоршаулар апатты жағдайда еді, түнгі уақытта вандализм және шойын қоршауды ұрлау фактісі тіркелген. Енді мұнда ұзындығы 2 км болатын қоршаулар орнатылып, биіктігі 3 метрлік дуал салынды. Зират айналасындағы 4 мыңнан астам апатты және қураған ағаштар санитарлық мақсатта кесілді.

Жаңа оқу жылының басына қарай серуендеу аймағы жақын маңдағы тұрғын үй массивтері тұрғындарының демалуына қолайлы жағдай жасайды: балалар мен спорт алаңдары бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады, сквер бойында автотұрақ орындары, жаяу жүргіншілер жолдары салынады.

Жалпы, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл Жетісу ауданында 34 жоба жүзеге асырылып жатыр, оның 24-і аулалық аумақты ағымдағы жөндеу, 2 жаяу жүргіншілер аймағы, 1 саябақ, 4 қоршау, 3 сквер және 3 автоматты суару жүйесі. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл ауданға осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #«Халық қатысатын бюджет»
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);