Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жа...

Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады

Әлеумет 26.06.2024, 09:58 574
Жетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады
Алматы қаласы әкімдігі

Медициналық қызмет қадамдық қолжетімділікте – Алматының Жетісу ауданында жаңа емхана ашылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Ерболат Досаев 2023 жылы емхана ретінде сатып алынған ғимаратты қайта жаңартумен және күрделі жөндеу барысымен танысты. Райымбек даңғылы, 263/2 мекенжайындағы жаңа медициналық мекеме медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) бірыңғай стандартына сәйкес жұмыс істеуге көшкен, ол былтырдан бастап Алматыда енгізіле бастаған. 

Жалпы ауданы 1547 шаршы метр болатын 4 қабатты ғимарат №33 емхананың балансына берілді. Үй-жайды ішкі жөндеу және әрлеу аяқталды. Медициналық жиһаз және жабдық сатып алынып жатыр.

Бір ауысымда 240 адам қабылдауға есептелген емханаға Жетісу ауданының 30 мың тұрғыны тіркеледі. Бұрын Алмалы ауданының №5 және №8 емханасына медициналық көмекке жүгінген «Жұмысшылар кенті» алабының және жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарына «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. 

Гинеколог, отоларинголог, офтальмолог, невропатолог, функционалдық диагностика дәрігері, кардиолог және т.б. жалпы 234 жоғары білікті маманнан тұратын медициналық мекеменің штаты қалыптасып жатыр. 

Қала басшысына қазіргі уақытта медициналық лицензия алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны баяндалды. Сонымен қатар, санитарлық талапқа сәйкес болу үшін жақын жерде орналасқан көлік жуу орнын сатып алу қажет.

Жақын маңдағы алаптардың тұрғындары әкімге медициналық мекеменің ашылуын асыға күтетінін айтты. Жер иесі ұсынылған өтемақымен келіспеген көрінеді. Енді жер телімін алып қою мәселесі сот арқылы шешіледі, содан кейін медициналық мекеме алғашқы пациентті қабылдауға кіріседі.

Жетісу ауданында қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету және медициналық көмектің сапасын арттыру аясында биыл тағы екі жаңа емхана ашу жоспарланған. Атап айтсақ, Омаров көшесіндегі бір ауысымда 300 келушіге және Нүсіпбеков көшесінде бір ауысымда 200 келушіге арналған емхана.

Ол үшін қала әкімдігі медициналық мекемеге қойылатын талапқа сәйкес ғимараттарды сатыпх алды. Қазір онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде Жетісу ауданында 200 мыңға жуық адам тұрады. Ауданда №11, №21 және «Құлагер» емханасы сынды үш қалалық емхана жұмыс істейді. Осы жылдың маусым айында «Кемел» шағын ауданында ауысымына 200 келушіге арналған отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы #емхана #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.