AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Жетісу ауданы көше жарығын жаңғыртып жатыр

Жетісу ауданы көше жарығын жаңғыртып жатыр

Барлығы 11.11.2025, 12:41 415 Дина
Жетісу ауданы көше жарығын жаңғыртып жатыр
Алматы әкімдігі

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының сыртқы жарықтандырумен 100% қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысын баяндады.

Әкімнің айтуынша, ауданның басым бағытының бірі – көшені үздіксіз әрі сапалы жарықтандыруды қамтамасыз ету. Жыл басынан бері ауданда  жарық болмаған 76 жерге жарық беріліп, жылдың соңына дейін тағы осындай 13 жерді жарықтандыру жоспарланып отыр.

Сыртқы жарықтандыруды жаңғырту аясында 56 дана ШУНО ауыстырылды, 4340 жарық шамы жаңартылды, 166 тірек орнатылып, аудан аумағында 47 шақырымнан астам кабель желісі тартылды.

Бұдан бөлек, сыртқы жарықтандыру құрылысына қатысты екі үлкен жоба әзірленіп жатыр. Бұл жобалар 33 көшенің көлік жолдары мен 11 тротуарды, сондай-ақ саябақ аймақтарын жарықтандыруды көздейді. Осы жобаның аясында 66 шақырымнан астам кабель желісін ауыстырып, 824 жарық тірегін қойып, 1300 шам орнатып, 2900 торшер қою жоспарланған.
Жоба аяқталу сатысында. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылдың II тоқсанына жоспарланған.

Ғимараттардың қасбетін сәулеттік жарықтандыруға да ерекше көңіл бөлінген. Қазіргі уақытта 30 нысанда, соның ішінде 21 көппәтерлі тұрғын үй мен 9 әкімшілік ғимаратта жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 9 ғимараттағы жұмыс аяқталған, тағы 12-сінде межеге жетіп қалды жұмыс.

«Біздің мақсатымыз – ауданда жарық пен қауіпсіздікті арттыру ғана емес, сонымен қатар Алматының көшелері мен ғимараттарына да заманға сай әрі эстетикалық келбет беру», – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жетісу ауданы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);