Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеті елге әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

Жеті елге әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

Әлеумет 18.01.2023, 14:00 1,143
Жеті елге әуе рейсін ашу жоспарланып отыр
Сурет: Ашық дереккөз

2025 жылға дейін парк 51 ұшақпен толықтырылады.


Өткен жылы еліміздің әуе компаниялары 11 млн жолаушы тасымалдады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«2022 жылдың қорытындысында азаматтық авиация саласындағы қазақстандық әуе компаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2021 жылмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарының ішінде алғаш рет тасымалданған жолаушылар саны 10 млн адамнан асып, 11 млн-ға жетті. Бүгінде жолаушылар ағыны қалпына келді және тұрақты өсім көрсетіп отыр», - деді Алмаз Ыдырысов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.



Оның дерегінше, 109 бағдар бойынша 29 елге халықаралық әуе рейстері қалпына келтірілді және ашылды. Аптасына 479 рейс жасалады. Ұшуларды 3 отандық және 27 шетелдік әуе компаниясы жүзеге асырады.



«Черногория, Малайзия, Грекияға әуе рейстерін жаңғырту, Қытай, Үндістан, Өзбекстанмен рейстер жиілігін арттыру және Израильге, Қатарға, Түркияға, Пәкістанға, Әзірбайжанға, Тәжікстанға, Сауд Арабиясына рейстер ашу жоспарланып отыр», - деді ол.



Вице-министрдің дерегінше, әуе кемелері паркін кеңейту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін парк 51 ұшақпен толықтырылады. Оның 14-і өткен жылы елімізге жеткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуе рейсі #жоспар #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.