AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Жерасты дүмпулерінің жарты жыл жалғасатын түрі бар

Жерасты дүмпулерінің жарты жыл жалғасатын түрі бар

Әлем 13.03.2023, 15:28 1,121
Жерасты дүмпулерінің жарты жыл жалғасатын түрі бар
Сурет: Egemen.kz

Мамандар Кахраманмараш жерасты дүмпулері әлі де жарты жыл бойы жалғасады деген болжам жасады. Түркияда күшті жер сілкінісі болатынын болжаған Нидерланд зерттеушісі Франк Хугербитс наурыз айының басында жаңа апаттар болуы мүмкін екенін ескертті.


Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.


7 наурызда Түркияның Хатай, Кахраманмараш және Кайсери провинцияларында үш жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Түркияның шығысындағы Малатия провинциясында 4,5 балдық жер сілкінісі болды.


Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтында хабарланды.


Жер асты дүмпулері 05:13 кезінде 8 км тереңдікте тіркелген.


Бұған дейін сағат 04:34-те магнитудасы 4,7 балдық 10 км тереңдіктегі жер сілкінісі тіркелген.


Екі жағдайда да жер сілкінісінің ошағы Пютурге ауданында болды.


Бұған қоса Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында да магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі тіркелді.


Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Хасса аймағында болған.


Ақпан айында болған жер сілкіністерінің Түркияға келтірген шығыны 100 млрд доллардан асуы мүмкін.


Түрік полициясы ғимараттары жер сілкінісіне төзімді болуы тиіс құрылыс мердігерлерін тергеу аясында 269 күдіктіні ұстады.


Соңғы ресми деректерге сәйкес, табиғи апат 48 мыңға жуық адамның өмірін қиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер сілкінісі #болжам #Түркия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);