AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жер сілкінісі салдарынан зақымданған ғимарат бойын...

Жер сілкінісі салдарынан зақымданған ғимарат бойынша қайда жүгіну керек?

Керек кеңес 13.03.2024, 11:47 1,242
Жер сілкінісі салдарынан зақымданған ғимарат бойынша қайда жүгіну керек?
almaty-akshamy.kz


Алматы әкімдігінде жер сілкінісі салдарынан зақымданған ғимарат бойынша қайда жүгіну керектігі түсіндірілді


Алматы әкімдігінде жер сілкінісі салдарынан ғимараттың зақымдануы анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі айтылды. Мәселен, аудандық әкімдіктер жанында ТЖД, МКК, аудандық сәулетшілер мен басқа да уәкілетті орган өкілінен тұратын комиссия тобы жұмыс істейді. Құрылысқа қандай да бір зақым келген жағдайда қала тұрғындары фотоматериалдарымен қоса аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет.


Бұдан әрі Комиссия мүшелері өтініш негізінде зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратқа көшпелі тексеру жүргізеді. Яғни, олар тірек құрылымдарының бұзылуының дәлелі ме, әлде төбелер, сылақ, плитка және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарының элементтеріне қатысты ма екенін анықтайды.



Аудандық комиссиялардың барлық материалы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасында жинақталады. Содан кейін қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына (ҚазҚСҒЗИ) жіберіледі.



Өз кезегінде ҚазҚСҒЗИ мамандары белгілі бір объектінің зақымдану себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді. 


Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыруға қатысты айтылар болса, әлеуметтік нысандар бүлінген жағдайда барлық жөндеу жұмысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілмек.



Көппәтерлі тұрғын үйлердің әрлеу элементтері зақымданған жағдайда жөндеу жұмысын кондоминиум қаражаты есебінен жүргізу қажет. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төндіретін зақым анықталған жағдайда қалпына келтіру жұмысына қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жер #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);