Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске түзетулер е...

Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске түзетулер енгізілмек

Әлеумет 04.04.2023, 13:03 819
Жер қойнауын пайдалану туралы кодекске түзетулер енгізілмек
Сурет: ашық дереккөз

Заңнамаға геологиялық саладағы рәсімдерді жақсартуды және оңайлатуды көздейтін тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің және жалпы табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімділігін арттыру қажет. Заңнамаға геологиялық саладағы рәсімдерді жақсартуды және оңайлатуды көздейтін тиісті өзгерістер енгізу керек. Бұл салаға инвестиция тарту – өте маңызды мәселе. Индустрия, Сыртқы істер, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске тиісті түзетулер әзірлеуі керек», - деді Ә. Смайылов Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.



Бұдан бөлек, Үкімет басшысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін агробизнес субъектілеріне арналған қолдау құралдарын жетілдіруді жеделдету қажет екенін айтты.



«Жеке қосалқы шаруашылықтардың дамуына жеңілдікпен несие беруді көздейтін «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы тапсырмалардың іске асырылуын ерекше бақылауға алуы керек», - деді Премьер-Министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жер #қойнауы #кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.