AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жер қойнауын пайдалану аукционынан бюджетке 11,9 м...

Жер қойнауын пайдалану аукционынан бюджетке 11,9 млрд теңге түсті

Әлеумет 31.08.2022, 17:00 1,014 Almaty-akshamy
Жер қойнауын пайдалану аукционынан бюджетке 11,9 млрд теңге түсті
Сурет: Ашық дереккөзі

Аукцион 21 жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілген


2022 жылғы 31 тамызда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі кезекті электрондық аукцион қорытындылары шықты, аукцион 2022 жылғы 22 шілдеде өткізілген болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Заңнамаға сәйкес жеңімпаздар түпкілікті қол қою бонусын төлегеннен кейін электрондық аукцион қорытындылары шығарылады.


Естеріңізге сала кетейік, аукцион 21 жер қойнауы учаскесі бойынша өткізілген болатын, 18 жер қойнауы учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды, ал заңнамада белгіленген мерзімде қол қою бонусы төленбеген 3 жер қойнауы учаскесі келесі аукционға қайта шығарылады («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 100-бабының 5-тармағы).


18 жер қойнауы учаскесі бойынша бастапқы қол қою бонусының сомасы 1,7 млрд теңгені құрады.



«Аукцион қорытындылары бойынша ел бюджетіне төленген қол қою бонусының жалпы сомасы 11,9 млрд.теңгені құрады, бұл бұрын өткізілген барлық электрондық аукциондардың қорытындылары бойынша ең жоғары сома болып табылады»,-делінген хабарламада.



Осы учаскелер бойынша геологиялық барлауға инвестициялардың ең аз сомасы 20,0 млрд теңгені құрайтын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер қойнауы #аукцион #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);