ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Жер бетіндегі әрбір 42-ші ұл және әр 189-шы қыз ба...

Жер бетіндегі әрбір 42-ші ұл және әр 189-шы қыз балада аутизм синдромы бар

Медицина 02.04.2025, 15:01 517
Жер бетіндегі әрбір 42-ші ұл және әр 189-шы қыз балада аутизм синдромы бар
Сурет: almadeya.ru
Әлемде аутизм синдромы 75 млн адамда бар екен.

Әлемде аутизм синдромы 75 млн адамда бар екен.

Бұл синдром әсіресе балалар арасында артып келеді. Соңғы 9 жылда бес есеге өскен, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін - дүниежүзілік аутизм мәсәлесі бойынша ақпарат тарату күні. 

Бұл «Autism Speaks» ұйымының дерегі. Жалпы аутизм – әлем бойынша әлі толық зерттелмеген синдром. Десе де оны кейінгі жылдары балаларда ерте анықтаудың заманауи әдісін ұсынған елдер бар.  

Жер бетіндегі әрбір 42-ші ұл және әр 189-шы қыз балада аутизм синдромы бар. Батыс елдерінде мұндай балаларды қоршаған ортаға бейімдеу үшін түрлі бағдарламалар қабылданған. «Autism Speaks» ұйымының мәліметі бойынша АҚШ-та бір балаға жылына 30 мың доллар бөлінеді. Бұл 15 миллионға жуық теңге. Қаражат еміне, жүріп-тұруына жұмсалады.

Аутист балаларды әлемдік медицина «жаңбыр балалары» деп те атайды. Өйткені олар суды жақсы көреді. Мәселен, дамыған елдерде арнайы терапия бар. Ол дельфиндермен емдеу. Бұл арқылы аутист балалардың 70%-нің жағдайы жақсарған. Қазірде дельфин терапиясы АҚШ медицинасында кеңінен қолданылады. Бұдан бөлек иппотерапия әдісі де бар. Яғни жылқылармен серуендеу балалардағы ұсақ моториканы жаттықтыруға жақсы көмектеседі. Бұл АҚШ, Испания, Мексикада жақсы дамыған.   Былтыр Қытай ғалымдары аутизм синдромын жасанды интеллект көмегімен анықтау болатын технология ойлап тапты. Яғни көздің торлы қабығын диагностикалау арқылы аутизмге шалдыққан балаларды 95% дәлдікпен анықтауға болады. Көздегі талшықтар мен қан тамырларын сканерлеу арқылы 70 баланың ішінде аутизм синдромы бар 46 баланы анықтаған. Бұл әдіс әзірге сынама түрінде ғана қолданылды.

«Егер халықаралық деңгейде мақұлданса, жобаны әлемдік медицинаға жаңа әдіс ретінде енгізу жоспарда бар», – дейді ғалымдар.

 «Адам жанарының ішіндегі ақпарат өте құнды. Офтальмоскопия арқылы біз торлы қабықты, оптикалық нервті және көздің басқа құрылымдарын зерттейміз. Ретинальды сканерлеу ауытқуларды ерте анықтауды жақсартуға көмектеседі» , - дейді Гонконг университетінің профессоры Бенни Зи.

 Мамандардың бір тобы аутизмді психикалық дерт десе, енді бірі генетикамен байланыстырады. Тіпті дертті ауру емес, қалыпты даму күйінен ауытқу дейді. Жалпы аутизмнің қалай пайда болатыны не әсер ететіні әлі күнге беймәлім. Алайда диагноз қаншалықты ерте анықталса, соғұрлым дертті жеңілдетуге мүмкіндік көп.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.