Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеңіс күнінде елордалық ҰОС ардагерлеріне 1 млн те...

Жеңіс күнінде елордалық ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден астам қаржы төленеді

Әлеумет 20.04.2022, 02:53 1,736
Жеңіс күнінде елордалық ҰОС ардагерлеріне 1 млн теңгеден астам қаржы төленеді
Сурет: КазТАГ

Бүгінде елордада Ұлы Отан соғысының 18 ардагері тұрады.


Олардың барлығы Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден астам біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Ардагердің ең үлкені 102 жаста, ең кішісі 96 жаста. 9 мамырда Жеңіс күнін мерекелеуге олар 1 млн.теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады.



Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер, ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа, 111 300 теңгеден алады. Барлығы 410 адам, оның ішінде - ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.



Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) - Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге – 63 600 теңге мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада осы тізімге жататын 810 адам бар.


Тыл еңбеккерлері (1946 адам), қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС қайтыс болған мүгедегінің жұбайы (зайыбы), ЧАЭС қатысушылары қатарындағы оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдар 9 мамырға дейін 34 980 теңгеден алады. Барлығы – 2 686 адам.


Айта кетейік, ардагерлер төлемдерді ертеңнен бастап ала бастайды.


Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне келесі тегін қызметтер көрсетіледі:


- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол пәтер алаңына байланысты ай сайын 5-тен 8 АЕК-ке дейін бөлінеді;
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға баруға әлеуметтік көмек (жыл басында жеке шоттарға 6,5 АЕК аударылады);
- санаторлық-курорттық емдеу қызметтері;
- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру
- тіс протездеу қызметтері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰОС #Ардагер #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.