AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жеңіс жолындағы ерлік – тарихтан болашаққа»

«Жеңіс жолындағы ерлік – тарихтан болашаққа»

Әлеумет 06.03.2025, 13:44 1,085
«Жеңіс жолындағы ерлік – тарихтан болашаққа»
автордың жеке мұрағаты

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Бұл айтулы мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін ерекше маңызға ие. Өйткені сұрапыл соғыстың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Мемлекет басшысы атап өткендей:

"Соғыста қаза тапқандарды ұмытпай, қаһарман ерлеріміздің рухына тағзым ету, ел ішінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау – баршаға ортақ парызымыз."

Осыған орай, М.Жұмабаев атындағы №137 мектепте жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жеңіс жолындағы ерлік – тарихтан болашаққа» атты қалалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны өткізуге мектебіміздің мұғалімдері: Арынова Света Кеңесбекқызы, Нұркеева Сауле Құсманқызы, Ерсеркенова Салтанат Ахметжанқызы, Қуатова Гүлнар Қабылқызы, Жолымова Света Камаловна, Қасылкәрімова Раушан Маралбекқызы, Дуамбекова Аяла Қанатқызы, Бауыржан Жалғас, Можанова Айзат Құттыбайқызы ұйытқы болды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – майдан даласында от кешкен батырларымыздың ерлігін жас ұрпаққа насихаттау, олардың жеңіс жолындағы қажырлы күресін еске алу және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Кеш қонақтары адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың зардаптары туралы әңгімелеп, жеңісті жақындатқан майдангерлердің естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ мектеп оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған өнерлерін паш етті. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, би қойылымдары орындалды, жыр шумақтары оқылып, ұлттық күйлер орындалды.

Сонымен қатар, мектеп мұғалімдері Көлбаев Мейрам мен Карикен Гүлнафистің ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме оқушылардың мәдени және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бейнелеу өнерінің терең сырларын тануға мүмкіндік берді.

Бүгінде бейбіт аспан астында өмір сүріп келе жатқанымызға 80 жыл толып отыр. Алайда майданда шайқасқан ардагерлер қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Біздің басты міндетіміз – олардың есімдерін мәңгі есте сақтау, құрмет көрсету, сондай-ақ өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен бірліктің құндылығын дәріптеу.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы
М.Жұмабаев атындағы №137 мектеп директорының орынбасары
Г. А. Делегеева

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеңістің 80 #оқушы #Ардагер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);