Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Жеңіс» акциясы: 2014 жылдан бері соғыс және тыл...

«Жеңіс» акциясы: 2014 жылдан бері соғыс және тыл ардагерлері пойызбен тегін жүреді

Әлеумет 06.05.2022, 05:45 1,251
«Жеңіс»  акциясы: 2014 жылдан бері соғыс  және тыл ардагерлері пойызбен тегін жүреді
Сурет: Elorda.info

Қазақстандағы барлық соғыс ардагері мен тыл еңбеккері ҚТЖ пойыздарында тегін жүре алады.


Мұндай акцияны «Жеңіс» бастамасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолға алып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Акция Қазақстан мен ТМД елдері аумағындағы пойыздардың ҚТЖ қызмет көрсететін бағыттарын қамтиды. Бұл мүмкіндікті 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған соғыс қатысушылары мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері мен еңбек майданының қатысушылары пайдалана алады.


Акция 2014 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Тек өткен жылы тегін сапарлар 550-ден астам рет пайдаланылды.


2022 жылғы науқан маусым айының соңына дейін жарамды. Алайда ол тағы бір жылға ұзартылуы ықтимал.



"Науқан бойынша жол жүру құжаттарын рәсімдеу үшін билет кассасына жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерінің немесе тыл еңбеккерінің куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру құжаттары (билеттері) тек Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде рәсімделеді", - делінген хабарламада.



«Жеңіс» жобасы көмекке мұқтаж соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсетуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты – жеңістің қадірін үнемі есте сақтап, ардақтау. Жоба аясында өңірлерде жүйелі негізде волонтерлік рейдтер ұйымдастырылады.



"2021 жылы 2100-ден астам  Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері мен тыл еңбеккеріне еріктілер 6700-ге жуық рет барды. Қазақстанның 35 қаласы мен ауданындағы 650 ерікті қарт адамдарға азық-түлік жеткізіп, тұрмыстық көмек көрсетті, үйлерінің аулаларын тазалады, қоршауларды сырлап, шатырларын бүтіндеді, қысқа отын дайындады. Ерекше мұқтаж ардагерлер қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ардагерлер #тегін жүру #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Президенті АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.