AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр: қазақстандық кома...

Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр: қазақстандық командалар UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады

Мұны білген жөн 09.02.2026, 21:41 362 Сұлу
Жеңімпаздар алфавит бойынша тұр: қазақстандық командалар UAE SWAT Challenge турнирінде көш бастады
Қорғаныс министрлігі

Әлемдік деңгейдегі ең беделді арнайы жасақ сайыстарының бірі – UAE SWAT Challenge турнирінің үшінші күні Қазақстан үшін тарихи жетістіктермен есте қалды. 48 елден келген 109 команданың ішінен барлық үш жүлделі орынның қазақстандық командаларға бұйыруы – ел спорты мен арнайы құрылымдар үшін зор мақтаныш.

Үшінші күннің басты сенсациясы – “Kazakhstan A” командасының “Офицерді құтқару” кезеңін рекордтық 02:00 минутта орындауы болды. Бұл нәтиже команданы турнир кестесінің ең жоғары сатысына көтерді.
Екінші орынды “Kazakhstan B”, ал үшінші кезеңнің қола жүлдесін “Kazakhstan C” командасы иеленді.

Қазақстандық командалардың табысы мұнымен шектелмейді. Тағы екі командамыз үздік 20-лықтың қатарында:

  • “Kazakhstan D” – 19-орында
  • “Tomiris” қыздар командасы – әйелдер арасындағы үздік нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеп, көптеген ерлер командаларынан озып шықты

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша “Kazakhstan C” жалпы есепте бірінші орынды берік ұстап тұр. Оны өкшелеп “Kazakhstan A” командасы екінші орынға жайғасты. Бұл – қазақстандық арнайы жасақтың тұрақтылығы мен жоғары дайындығының айқын дәлелі.

Осылайша, Қазақстан командалары әлемнің ең мықты арнайы бөлімшелері жиналған элиталық турнирде айқын басымдықпен алда келеді. Алда тағы екі шешуші кезең бар. Ел жанкүйерлері батырларымызға сенім артып, әлемдік додадан жеңіспен оралады деп үміттенеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қорғаныс министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);