AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жеңілдетілген кредит: Кәсіпорындар көлікті екі айд...

Жеңілдетілген кредит: Кәсіпорындар көлікті екі айда жеткізуі тиіс

Әлеумет 01.02.2023, 09:50 1,007 Almaty-akshamy.kz. 
Жеңілдетілген кредит: Кәсіпорындар көлікті екі айда жеткізуі тиіс
Сурет: avtoexperts.ru

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. 


Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Атап айтқанда, бағдарлама арқылы көлік алуға өтінім беретін адамдар алдымен автомобиль құрастыру кәсіпорнын таңдауы керек. Өтінім тапсырылғаннан кейін таңдау жасалған кәсіпорынды өзгертуге болмайды.



«Осы бағдарламаның ережесі бойынша көлік шығаратын кәсіпорындар автомобильді 60 күннің ішінде жеткізуі керек. Көлік алатын адам автосалонға келіп, өзіне керек модельді, комплектациясын, түсін таңдайды. Егер бұл автокөлік дәл сол қалада болса, құжаттарды банк мақұлдағаннан кейін, автомобильді бірден алып кетеді», - деді Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Қайрат Еламанов.



Оның айтуынша, екі ай ішінде жеткізілетін көлікті брондау мүмкіндігі болады.



«Кейбір комплектациялар бойынша көліктерді жеткізу мерзімі екі айдан асып кетуі ықтимал. Осы орайда клиент балама нұсқасын таңдай алады», - деді қауымдастық өкілі.



Сонымен қатар ол былтыр аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында өткізілген автокөліктердің орташа құны 7,8 млн теңге шамасында болғанын айтты. Бұл тұрғыда адамдарды аса қымбат көліктер қызықтырмайтыны байқалды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 6 ақпанда сағат 10-да «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ еншілес ұйымы) көлік алуға жеңілдікпен пайызы төмен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін жаңа платформаны іске қосады. Өтінімдерді қабылдау www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда бұл платформа келесі аптада іске қосылған кезде, 761 адам тіркеле алады.


Айта кетейік, адамдардың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңілдік #несие #авто
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);