Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеңілдетілген автонесиеге қатысушылар саны нелікте...

Жеңілдетілген автонесиеге қатысушылар саны неліктен шектелді?

Әлеумет 07.02.2023, 08:50 938
Жеңілдетілген автонесиеге қатысушылар саны неліктен шектелді?
Сурет: Еgemen.kz

Пулда небәрі 761 орын болатыны алдын ала ескертілген.


Өнеркәсіпті дамыту қорының басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров автокөлікті несиелендіру бағдарламасы неліктен шектеулі екенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ринат Ғаппаров пилоттық платформаның іске қосылуына бес күн қалғанда халыққа бар болғаны 7,6 миллиард теңге жиналғанын, ал несиенің максималды сомасы 10 миллион теңге болса, пулда небәрі 761 орын болатынын алдын ала ескерткенін айтты.



«Біз қазақстандықтарға бәріне автокөлік несиесіне ақша бөле алмайтынымызды ескерттік. Ол мүмкін емес. 761 адам тіркелді, сондықтан 761 адам тіркелгеннен кейін батырма істемей, қате кеткенін көрсете бастады. Бағдарламада олқылық болды, оны біз реттейміз. Наурыз айынан бастап ай сайын іске қосылады. Сол кезде біз олардың көбін түзетеміз деп үміттенемін. Бірақ біз платформаны жетілдіру бойынша үнемі жұмыс атқарамыз, өйткені бағдарлама 30 жыл бойы жұмыс істеп тұрады, оның 25 жылында несие беріледі, ал соңғы бес жыл тек өтеуге жұмсалады және сәйкесінше, біз бүкіл кезең үшін жұмыс істейміз. Өтініш берушілер көп болды, 761 адам өте жылдам тіркелді, сәйкесінше, өтініш беріп үлгермегендерде қате көрсетілді», деді Ринат Ғаппаров.



Спикер платформаны қоспас бұрын үш жүктеме сынағы жүргізілгенін айтты.



«Өтінішті қарау кезеңінде бәрі болады, біз шамамен бір уақытта миллионға дейін адам кіруі керек деп есептеген едік, өйткені біз тестілеу кезінде байланыс арнасын кеңейттік, серверлер санын кеңейттік. Ал кешегі жағдай платформамыз төтеп бергенін көрсетті, яғни сайт құламай, 761 адам тіркелді. Осылайша, платформаға қатысты негізгі міндетіміз орындалды», - деді Ринат Ғаппаров.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #авто #пул
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.