ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы...

Жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді

Әлеумет 31.01.2022, 04:35 1,376
Жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді
Сурет: Tengrinews.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламаларын қайта бастауды жоспарлап отыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламаларын қайта бастауды жоспарлап отыр.


Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet, LADA отандық құрастырылған көліктерді сатып алуға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 



«Халықтың отандық  автокөліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасына қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Нұсқалардың бірі көп балалы отбасыларды, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдаудың кіші бағдарламасын қосымша енгізу ұсынылуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, «Бірінші отбасылық автокөлік» шағын бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылуда», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық  даму министрлігінің хабарламасында.



Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол 20 жылға есептелген және «айналмалы» несиелеуге негізделген. Жалпы қаржыландыру лимиті 82 млрд теңгені құрайды. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері айналым қаражатын есепке алғанда 159 млрд теңгеге 30 525 несие берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған.


Министрлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары қарапайым екенін түсіндірді:



  • бір көліктің құны 15 миллион теңгеден аспайды;

  • несие мерзімі жеті жылдан аспайды;

  • түпкілікті қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы керек;

  • түпкілікті қарыз алушы екінші деңгейдегі банктерге несиені өтеген кезде өтелген қаражат есебінен отандық өндірілген жолаушылар көліктерін сатып алушыларды қайта несиелеуге жол беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,332 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.