Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3% несие қолжетімді

Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3% несие қолжетімді

Әлеумет 19.01.2024, 14:26 1,124
Жеңіл өнеркәсіп жобаларына 3% несие қолжетімді
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялар 2023 жылғы қаңтар-қарашада 25 653,4 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 4,3 есе жоғары.


Негізгі капиталға инвестициялардың ұлғаюы барлық кіші салаларда байқалады. Тоқыма бұйымдарын өндіруде 3,6 есе, киім 5,9 есеге, былғары және оған қатысты өнімдер 16,6 есеге өскен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Өткен жыл соңында Түркістан облысында инвестиция көлемі 3 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауыты, Батыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 1 млрд 300 млн теңге болатын бигбег өндірісі жұмысын бастады. Астана қаласындағы инвестиция көлемі 800 млн теңгені құраған тігін фабрикасы, Түркістан облысында инвестиция көлемі 300 млн теңге болатын тігін фабрикасы іске қосылды.


Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.


Несиелік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау құралы шеңберінде кәсіпкерге жылдық 8% - бен кредиттер беріледі. Кредит бойынша кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда ішінара кепілдік беріледі.


"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде негізгі қарыз алушыға 8% дейінгі мөлшерлеме бойынша жеңілдетілген кредит беру ұсынылады.


Жаңа қаржы құралдарының бірі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ арқылы жеңіл өнеркәсіп жобаларын 3% пайыздық мөлшерлемемен қаржыландыру болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеңіл өнеркәсіп #кәсіпкер #несие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.