ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Женевада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ор...

Женевада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

Тәуелсіздік-30 01.09.2021, 08:43 1,274
Женевада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтті
Сурет: Egemen.kz
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл


Швейцарияның Женева қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан – БҰҰ: бейбітшілік үшін серіктестік» халықаралық конференциясы өткізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Конференция Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығы мен 29 тамыз - Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күрес күніне орай ұйымдастырылды.


Оған қазақстандық және шетелдік саясаткерлер, ядролық қарусыздану саласындағы сарапшылар, дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың өкілдері қатысты.


Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат өз баяндамасында мемлекетіміз «ядролық клуб» мүшелігінен абыроймен бас тартқанын атап өтті.



«Қазақстан ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану мәселелеріндегі ашықтық үлгісін әлемге іс жүзінде көрсетті. Бұл ашықтықты ол сыртқы саясат іргетасының бір кірпішіне айналдырды. Нәтижесінде еліміз ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы барлық іргелі халықаралық шарттарға қатысушы атанды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы бастамаларын ілгерілетіп, халықаралық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі саясатты жалғастыруда. Мемлекет басшысы 2019 жылдың қыркүйегінде өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясында әлемді ядролық қарудан азат ету Қазақстан үшін негізгі міндеттердің бірі екенін атап өткен болатын»,- деді ол.



1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей полигонында жүргізілген жарылыстың саны – 456. Бұл көрсеткіш әлем бойынша жүргізілген ядролық сынақтардың 25%-ын құрайды. Радиацияның әсерінен 1,5 миллионнан астам адам зардап шекті. Шаруашылық айналымынан 300 мың шаршы километрден астам жер шығарылды. 


Конференция барысында Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Ерлан Батырбеков, Ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық кампанияның директоры Беатрис Фин, БҰҰ-ның қарусыздану мәселелерін зерттеу жөніндегі институт директоры Робин Гайсс баяндама оқыды.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.