Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жем-шөптің барлық түрі бойынша дайындалған мал азы...

Жем-шөптің барлық түрі бойынша дайындалған мал азығының жалпы көлемі - 39,9 млн тонна

Әлеумет 04.11.2023, 05:12 1,239
Жем-шөптің барлық түрі бойынша дайындалған мал азығының жалпы көлемі - 39,9 млн тонна
Сурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин төрағалық еткен жедел штаб отырысында малдың қыстық азығын дайындау мәселесі талқыланды.


Мал шаруашылығы департаменті директорының міндетін атқарушы Бағлан Аймұрзаевтың айтуынша, алдағы қысқа 24,6 млн тонна пішен, 1,4 млн тонна пішендеме, 1,8 млн тонна сүрлем, 4,2 млн тонна сабан және 4,5 млн тонна құрамажем дайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР АШМ сайтына сілтеме жасап. 


Өткен жылы жиналған қорды қоса есептегенде жем-шөптің барлық түрі бойынша дайындалған мал азығының жалпы көлемі 39,9 млн тонна.


Павлодар облысындағы климаттық жағдайға байланысты қуаңшылықтың салдарынан шаруалар шабындыққа дер кезінде шыға алмады. Сондықтан фермерлерге орманды алқаптағы және басқа да  қорлардан шабындық жер беріп, қосымша дизель отынын бөлу арқылы қолдау көрсетілді. Осының нәтижесінде облыста 1,5 млн тонна шөп дайындалды.


Ал Батыс Қазақстан облысында шөп дайындау қарқыны республикалық деңгейден төмен. Сондай-ақ Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында құнарланған азық дайындаудың қарқыны төмен екені байқалады.


Аманғали Бердалин 2023 жылдың 1-қыркүйегінен бастап 2023 жылдың 31-желтоқсанына дейін «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы Маңғыстау облысының фермерлеріне жем-шөп тасымалдау тарифтерінің деңгейін 80%-ға төмендеткенін атап өтті. Бірақ мал азығын дайындау қарқыны әзірге қажетті деңгейге жеткен жоқ.


Отырыста айтылған мәселелерді ескере отырып, вице-министр Маңғыстау облысының әкімдігіне «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы ұсынып отырған жеңілдетілген тарифтерді барынша қолдануды, жоспарланған мал азығын жеткізуді тапсырды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне жем-шөп дайындау барысын қатаң бақылауға алуды міндеттеді.


Бұдан бөлек вице-министр барлық облыс әкімдіктеріне дайындалған жем-шөпті мал қыстайтын орындарға және мал ұстап отырған ауыл тұрғындарына уақытылы жеткізу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мал азығы #жем-шөп #көлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ываывавыаыа

Бүгін 10:39

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.