ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Хабарлама / Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ескертк...

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ескерткіштің үздік жобасына ашық конкурстың бағдарламасы және шарттары

Хабарлама 05.10.2021, 04:46 1,144
Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған ескерткіштің үздік жобасына ашық конкурстың  бағдарламасы және шарттары
adebiportal.kz
Байқаудың мақсаттары

Байқаудың мақсаттары


Қазақстан Республикасында тұрғызылып жатқан ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсыныс енгізу үшін көркем-сәулет және мүсіндік композиция жасау жолымен Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған ескерткіштің ең үздік тұжырымдамалық мүсіндік-көркемдік шешімі айқындалсын.


 



  1. Конкурстың бағдарламасы


Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған "Желтоқсан" ескерткіші 1986 жылы болған, Қазақстан тарихында түбегейлі бетбұрыс, жаңа, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының басы болған оқиғалардың барлық маңыздылығы мен драматизмін бейнелеуі тиіс. Оқиғаларды бейнелейтін образдар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі үшін күрескен оның қатысушыларының жастығын, оқиғаның тарихилығын көрсетуі керек.


Ескерткіш қойылатын орынның архитектуралық және ландшафттық ерекшелігімен үйлесуі керек.


Жобада берік материалдар (мәрмәр, гранит, қола және т.б.) пайдаланылуы тиіс.


Орнатылатын орны – Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «Жас Қанат» шағын ауданы, «Желтоқсан» саябағы. 


Конкурстың шарттары


Конкурсқа барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар қатыса алады. Конкурстың өткізілуі: 2021 жылғы 2 қазан мен 21 қазан аралығы. Жобалар 2021 жылдың 21 қазаннан кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Алматы қаласы мәдениет басқармасы, № 444 кабинетке тапсырылады.


Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын ала хабарлай отырып Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мекенжайына жібереді.


Конкурсқа жобалары алты таңбалы санмен белгіленген ұранмен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жоба материалының, сондай-ақ конверттің жоғарғы оң жақ бұрышында жазылады (биіктігі 1 см). Желімделген ұрандық конвертте авторының аты-жөні мен мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ салынады.


Қысқаша түсініктеме жазба ескерткіштің көркемдік шешімі мен кеңістікті ұйымдастыру қағидалары және негізгі идеясы мазмұндалған №14 өлшемді «Тімеѕ New Roman» қарпімен бірінші жол аралығымен басылған 2 парақтан аспайтын мәтіннен тұратын 2 данада ұсынылады.


Конкурс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы шешім қабылдайды.


Конкурс шарттары сақталмай ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.


Конкурстың жоба ұсыныстарының құрамы және ұсынылатын материалдарды ресімдеуге қойылатын талаптар:



  1. Ескерткіш (мүсіндік туынды) эскизі масштабы 1:10

  2. Бас жоспар (схемалық жоспар) масштабы 1:200

  3. Ескерткіш (мүсіндік туынды) 2 фасады,


1 перспективасы                                                                         масштабы 1:20



Түсініктеме жазба


Жобалар 60х80 см көлемдегі планшетте беріледі. Графикалық орындау әдістері макеттің түсі, техникасы және материалы авторлардың қалауы бойынша орындалады.


Қосымша ақпараттар пен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны арқылы алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.