ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Желшешек пен қызылшаны шатастырмайық

Желшешек пен қызылшаны шатастырмайық

Керек кеңес 06.12.2023, 09:21 2,143
Желшешек пен қызылшаны шатастырмайық
almaty-akshamy.kz
Қызылша ауруы алғаш бас көтергенде, дәрігерлер дереу дабыл қағып, үлкен-кішіні сақтандыруға көшті. Сонда бір байқағанымыз, көп ата-ана «біздің баламыз кішкентай күнінде ауырып кеткен, қайта ауыра...

Қызылша ауруы алғаш бас көтергенде, дәрігерлер дереу дабыл қағып, үлкен-кішіні сақтандыруға көшті. Сонда бір байқағанымыз, көп ата-ана «біздің баламыз кішкентай күнінде ауырып кеткен, қайта ауыра қоймаспыз» деп жатты. Сөйтсек, олардың желшешек («ветрянка») пен қызылшаны шатастырып жүргенін білдік. Мәселенің мәнісін білу үшін Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухана емханасының аймақтық қызметкерлерінің бөлім меңгерушісі Айгүл Наметқұлованы әңгімеге тартқан болатынбыз.


– Иә, желшешек пен қызылшаны көп ата-ана шатастырады, өйткені бір-біріне ұқсастықтары бар. Екі жағдайда бөртпе мойын мен бастан бастап, бүкіл денеге тарайды. Қызылша кезінде қызыл бөртпе теріде ғана емес, ауыз қуысында да пайда болады. Ал желшешек кезінде, негізінен бөртпелер мен дене температурасының аздап жоғарылауы инфекцияның алғашқы симптомдар болып табылады


Бөртпе – папула-везикулезді болып келеді, қышиды және дененің әр жерінде орналасады. Бір ерекшелігі – шаш арасына да бөртпелер шығады.


Алғашқы күні дақтың ортасында көпіршік (везикула) пайда болады, ішінде мөлдір серозды сұйықтығы бар. Екі күннен кейін көпіршіктер көбейеді, қабыршақ пайда болады, ол түскеннен кейін, тек жылдам кететін азғантай ғана дақ (пигментация) қалуы мүмкін. Бөртпелер жұтқыншақ, ауыз қуысы, көмей, қас, жыныс мүшелерінің кілегей қабаттарында да болуы мүмкін.



Ал қызылшаның жасырын кезеңі – 8–15 күн. Алғашқыда жедел респираторлық белгілер байқалады (ринит, фарингит, конъюктивит, фотофобия, дене қызуының 39°С-қа дейін көтерілуі). Содан кейін 3-4-ші күндері шырышты қабаттарда және теріде түйіншекті-таңдақты бөртпелер пайда болады. Бөртпе жоғарыдан төмен қарай тарала бастайды: алдымен бетте, маңдайда, құлақтың артында, сонан соң кеудеде, қол және аяқтарында. Бөртпе пайда болудан 1 тәулік бұрын ұрыттың шырышты қабатында майда (диаметрі – 1 мм), қызыл жиекпен қоршалған Бельский-ФилатовКоплик дағы пайда болады. Ол қызылшаны дифференциялаушы белгі болып табылады. Ауру 9 күнге созылады, бөртпе ешқандай із қалдырмай біртіндеп кете бастайды.



Қызылшаға қарсы егу жоспарлы түрде екі рет жүргізіледі: біріншісі баланың 1 жасында, ал екіншісі 6 жаста. Қазіргі күні қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы профилактикалық иммундау жүзеге асырылуда.


Желшешекпен ауырған жағдайда гигиеникалық күтім және дәрігердің ұсынымдарын орындау қажет. Ал қызылшаның емі: науқасты бөртпе пайда болғанға дейін 5 күнге дейін, пневмония болса, 10 күнге дейін оңашаулау керек; науқаспен қатынасқандарды 21 күнге оқшаулау; қызбаның бүкіл кезеңі мен дене қызуы қалпына келгенше алғашқы 2 күн төсекте жатып емделу қажет, – дейді Айгүл Талғатқызы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.