AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Желіні бұғаттаудан басталған наразылық өршіп барад...

Желіні бұғаттаудан басталған наразылық өршіп барады: Непалда не болып жатыр?

Әлем 10.09.2025, 17:14 776 Дина
Желіні бұғаттаудан басталған наразылық өршіп барады: Непалда не болып жатыр?
сурет: Reuters

Непалда әлеуметтік желілерді бұғаттау жаппай қарсылыққа ұласып, қақтығыстар кезінде кемі 22 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жараланды деген дерек тарады. Билік бұғаттау әрекеттерін тоқтатты және премьер-министр Шарма Оли отставкаға өтініш берді. Дегенмен наразылықтар комендант сағатқа қарамастан жалғасып жатыр. Бұл туралы Реутер агенттігі хабарлады. Дәл қазір Непалда не болып жатыр Аqshamnews.kz тілшісінің хронологиялық материалынан біліңіз. 

Бәрі неден басталды?

Үкімет Facebook, Instagram, YouTube, X (Twitter), WhatsApp, Reddit, LinkedIn секілді платформаларды "тіркеу талаптарын орындамады" деп шектеп тастады. Бұл шешімді халық сөз бостандығын шектеу ретінде қабылдап, жастар көшеге наразылыққа шықты. 

сурет: Adnan Abidi / Reuters

8 қыркүйекте қақтығыстар ушығып, алғашқы құрбандар тіркелді

Наразылық білдірушілер шеруге "Z ұрпағы наразылықтары" деп атау беріп, елде жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Бұндай атау көпшілігінің жасына байланысты қойылған.  Ашулы топ тіпті қаржы министрін шешіндіріп, өзеннен жалаңаш өткізген. Онымен қоса үкіметінің кеңсесі орналасқан 100 жылдан аса тарихы бар Катманду қаласындағы Сингха Дурбар сарайын өртеп жіберді.

 

Катманду мен өзге қалаларда полиция парламентке басып кіруге талпынған топты көз жасартатын газбен және резеңке оқпен таратты. Наразылар парламент алдындағы қоршауларды бұзып, бірнеше саясаткердің резиденциясына от қойды. Сол күні қаза тапқандар туралы алғашқы ақпараттар шықты. Нәтижесінде екі күн ішінде жаппай тәртіпсіздіктен 22 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланды. 

сурет: Reuters

Билік шегінді, премьер отставкаға кетті

Байланыс және цифрлық технологиялар министрі "Әлеуметтік желілерді бұғаттауды тоқтаттық, олар жұмыс істеп тұр" деп хабарлады. Сол күні премьер-министр Шарма Оли қызметінен кетуге өтініш берді. Бірақ бұл шешім де толқуды баса алмады. Шерушілер жүйелік реформаларды және биліктің есеп беруін талап етіп жатыр. 

Қазіргі ахуал қандай?

Катмандуда коммендант сағаты енгізілді. Соған қарамастан, жастардың бастамасымен өткен митингілер толастамай тұр: парламент пен шенеуніктер резиденциялары маңында ұрандар айтылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Билік пен наразылық өкілдері диалогқа келмейінше, ахуалдың тұрақталуы екіталай деген болжам айтылып жатыр. 

сурет: Reuters

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Непал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);