AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Желден желілер үзілді

Желден желілер үзілді

Әлеумет 08.03.2023, 13:24 1,044
Желден желілер үзілді
Сурет: ашық дереккөз

Павлодар облысында қатты желден мектеп пен әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.



"Қазгидрометтің" мәліметінше, желдің екпіні 27 м/с дейін жеткен. Салдарынан екі елді мекенде ғимараттардың шатыры ұшып кетті.



Сағат 04.15-те дауыл Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында үш қабатты Б.Хайдаров атындағы жалпы орта мектептің шатырын жартылай ұшып әкетті. 51 шарты метр аумаққа зақым келді. Сағат 06.30-да Павлодар қаласында 1440 шаршы метр аумақтағы төрт қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры ұшып кетті. Ғимарат 1980 жылы салынған, соңғы рет былтыр жөндеу жүргізіліп, жұмыстар сол күйі аяқталмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ - делінген хабарламада.



Сонымен қатар, Май ауданының бес елді мекенінде (Баскөл, Кеңтүбек, Майтүбек, Ақжар және Көктөбе ауылдары) электр энергиясы апатты жағдайда сөнді. Абоненттер саны нақтыланып жатыр. Апат салдарын жоюға 15 маман жұмылдырылды.


Сонымен қатар 16 елді мекеннің тұрғындары жарықсыз қалды: Аққулы ауданындағы Бесқарағай, Жамбыл, Жаңатаң, Әйтей, Шарбақты, Тосағаш, Жабағылы, Қазы, Малыбай, Қазантай, Майқарағай Мерғалым, Шақа, Шоқтал ауылдары; Аққулы мен Ямышево ауылдарында ішінара жарық өшіп қалды. Абоненттер саны анықталуда. 12 маман апатты жоюға кірісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дауыл #желілер #үзілді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);