Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеке тұлғалардың несиелері 2,5%-ға артты

Жеке тұлғалардың несиелері 2,5%-ға артты

Әлеумет 07.11.2022, 12:40 1,011
Жеке тұлғалардың несиелері 2,5%-ға артты
Сурет: Ашық дереккөз

Қазақстандықтардың жалпы борыштық жүктемесі 19,3 трлн теңгеге жетті


Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, экономикаға несиелер 2022 жылғы қыркүйекте 2,0%-ға өсіп,  21,1 трлн теңгені құрады (жылдың басынан бері өсім – 14,1%-ға немесе 2,6 трлн теңге), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 


"Ұлттық валютадағы кредиттер 2022 жылғы қыркүйекте 1,8%-ға, 19,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 4,4%- ға, 1,8 трлн теңгеге дейін өсті.



Заңды тұлғаларға кредиттер 2022 жылғы қыркүйекте 1,3%-ға ұлғайып, 8,0 трлн теңгені құрады. Бұл ретте жыл басынан бері осы көрсеткіштің өсуі 3,6%-ды құрады (2021 жылғы осындай кезеңде – 3,9%-ға өсті). Биылғы қыркүйекте заңды тұлғаларға 988 млрд теңге сомаға қарыз берілді, бұл 2022 жылғы тамызбен салыстырғанда 1,5%-ға көп", – деп хабарлады агенттік. 



Ірі бизнеске қарыздар 2022 жылдың басынан бері 2,7%-ға 3,3 трлн теңгеге дейін, ШОБ (ДК қоса алғанда) қарыздары 6,8%-ға 5,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.


Салалар бойынша заңды тұлғаларға берілген кредиттердің негізгі үлесі өнеркәсіпке (34,1%), саудаға (21,4%), құрылысқа (7,6%) және көлікке (5,4%) тиесілі.


Жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5%-ға ұлғайып, 13,1 трлн теңгені құрады (ағымдағы жылдың басынан бері 
21,6%-ға өсті).



"Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3%-ға 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 2,3%-ға 7,2 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды", – деп хабарлады агенттік.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жеке тұлға #кредит
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Анасынан айырылып, жұмсақ ойыншық құшақтаған кішкентай маймыл өзіне дос тапты

Бүгін 15:47

Алматы музейлерінің экскурсия жетекшілері марапатталды

Бүгін 15:13

"Халатымды ашып, төсімді ұстады". Алматыда курьер жігіт 7 тәулікке қамады

Бүгін 15:04

"Спорттан кете ме?" Сабина Алтынбекова мансабына қатысты сұраққа жауап берді

Бүгін 14:40

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.