Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жеке басын куаландыратын құжаттар берілгенде сауса...

Жеке басын куаландыратын құжаттар берілгенде саусақ ізі алынады

Әлеумет 05.07.2023, 09:00 999
Жеке басын куаландыратын құжаттар берілгенде саусақ ізі алынады
Сурет: ашық дереккөз

Келер жылдың 1 қаңтарынан жеке куәлік, паспорт, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатын беру кезінде оның иесінен саусақ іздері алынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада Қазақстан Республикасы азаматының, оның ішінде адамның азаматтығы мен заңды мекенжайы, фотосуреті мен қолы, 16 жасқа толған және «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңында белгіленген жағдайлар бойынша 12 жастан асқан құжат иесінің саусақ іздері туралы графикалық және мәтіндік ақпарат қорғалған түрде сақталады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ішкі істер министрінің бұйырық-жобасында.



Сондай-ақ құжатта жазылғандай, саусақ іздері азаматтардың жеке куәлігінде, шетелдіктің Қазақстанда тұруына рұқсат ететін ықтиярхатында, азаматтығы жоқ адамның куәлігіне де орналастырылады.



«Бұл – «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап саусақ ізін тіркеу талабының күшіне енуіне байланысты», - деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.



Құжат 20 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Куәлік #паспорт #төлқұжат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.