AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2...

Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады

Білім және ғылым 13.05.2022, 10:00 2,173
Жазғы демалыста балаларды сауықтыру лагерлерінде 2,3 млн қазақстандық оқушы демалады
Сурет: Time.kz

Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда жарты миллионға көп.


Сонымен қатар биыл сауықтыру лагерлері мен алаңдардың саны айтарлықтай артты, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ сілтеме жасап. 


Жалпы республика бойынша 11 мыңнан аса (2021 ж. – 9 507) мектеп жанындағы, қала маңындағы, шатырлы, спорттық және киіз үй лагері жұмыс істейді.



«Бірінші кезекте жазғы сауықтыру демалысымен әлеуметтік осал санаттағы балалар қамтылады. Бұл жетім балалар, аз қамтылған, көпбалалы отбасы және толық емес отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар және т.б. Балалар сауықтыру лагерлерінің желісі санаторийлер, туристік базалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу және жұмыс істемейтін лагерьлерді қалпына келтіру есебінен кеңейтілді. Қалалық лагерьлер желісін дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл Қызылорда облысында 3 және Ақмола облысында 1 лагерь пайдалануға беріледі. Балалардың жазғы демалысы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Қазір ашылуға дайындалып жатқан лагерьлерде конкурстық рәсімдер жүргізіліп, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі тексеріліп жатыр», - деп айтты ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.



Осы жылы балалар мен ата-аналарды барынша ақпараттандыру үшін bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт пен мобильді қосымша (Android және IOS платформаларында) іске қосылды. Электронды картаның көмегімен кез келген адам нақты уақыт режимінде қандай да бір лагерь туралы (бағдарламасын, бағасын, орналасқан жерін) ақпарат ала алады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазғы демалыс #сауықтыру лагерлері #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);